Денисов ауданы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 45 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 наурызда № 6874 болып тіркелді

      2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 95 "Денисов ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6352 болып тіркелген, "Наше время" газетінде 2016 жылғы 2 маусымда жарияланған);
      2) Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 176 "Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 95 "Денисов ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6568, "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтык құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 тамызда тіркелген).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Жаманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады