"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Қарабалық ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсін.
2 Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы мәселелерін жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 5 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | Қ. Ғабдулин |
Әкімдіктің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 278 қаулысына қосымша |
2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Қарабалық ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
№ | Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрі | Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы |
II дала аймағы | ||
1 | Жаздық бидай | 2017 жылғы 15 мамырдан 31 мамырға дейін |
2 | Жаздық арпа | 2017 жылғы 15 мамырдан 5 маусымға дейін |
3 | Сұлы | 2017 жылғы 15 мамырдан 5 маусымға дейін |
4 | Тары | 2017 жылғы 20 мамырдан 5 маусымға дейін |
5 | Бұршақ | 2017 жылғы 20 мамырдан 31 мамырға дейін |
6 | Рапс | 2017 жылғы 20 мамырдан 1 маусымға дейін |
7 | Күнбағыс | 2017 жылғы 5 мамырдан 18 мамырға дейін |
8 | Аңқа | 2017 жылғы 15 мамырдан 25 мамырға дейін |