2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 491 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 қыркүйекте № 7202 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Қостанай ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 05 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі К. Ахметов

  Әкімдіктің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 491 қаулысына қосымша

2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Қостанай ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері

Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы

ІІ табиғи-климаттық аймақ (дала)

1

Жаздық жұмсақ бидай

15 мамырдан 31 мамырға дейін

2

Жаздық қатты бидай

18 мамырдан 28 мамырға дейін

3

Күздік бидай

25 тамыздан 15 қыркүйекке дейін

4

Күздік қара бидай

25 тамыздан 15 қыркүйекке дейін

5

Сұлы

15 мамырдан 05 маусымға дейін

6

Арпа

15 мамырдан 05 маусымға дейін

7

Тары

20 мамырдан 05 маусымға дейін

8

Қарақұмық

20 мамырдан 05 маусымға дейін

9

Ірі бұршақ

15 мамырдан 31 мамырға дейін

10

Күнбағыс

05 мамырдан 18 мамырға дейін

11

Рапс

20 мамырдан 01 маусымға дейін

12

Зығыр

12 мамырдан 31 мамырға дейін

13

Мақсары

10 мамырдан 25 мамырға дейін

14

Қыша

20 мамырдан 31 мамырға дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады