Сарыкөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 128 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 қаңтарда № 7480 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 16 наурыздағы № 322 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 16.03.2020 № 322 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыкөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Сарыкөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 59 "Сарыкөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6731 тіркелген, 2016 жылғы 27 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті сессияның төрағасы Г. Батуринец
      Аудандық мәслихат хатшысы К. Базарбаева

      КЕЛІСІЛДІ

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің

      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ______________________ С. Ғайсенов

  Мәслихаттың
2017 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 128 шешіміне қосымша

Сарыкөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объекті

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтар жинақталуының жылдық нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,13

2

Жатақханалар

1 орын

1,3

3

Қонақ үйлер

1 орын

1,4

4

Балабақшалар

1 орын

1,21

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,57

6

Емханалар

1 адам

0,5

7

Ауруханалар

1 төсек орын

1,7

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,3

9

Дәмханалар

1 орын

1,25

10

Стадиондар

жоба бойынша 1 орын

0,14

11

Азық-түлік дүкендері

сауда алаңы 1 м2

0,6

12

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,5

13

Базарлар

сауда алаңы 1 м2

0,4

14

Азық-түлік тауарларының қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0,15

15

Вокзалдар, автовокзалдар

жалпы алаңы 1 м2

0,15

16

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

0,5

17

Автомобильді жуу орындары, автожанармай құю стансалары

1 машина-орын

1,24

18

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,57

19

Шаштараздар

1 жұмыс орны

1,2

20

Тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

1,2

21

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м2

0,35


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады