Сарыкөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 59 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 желтоқсанда № 6731 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 128 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 20.12.2017 № 128 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыкөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрағасы Г. Батуринец
      Аудандық мәслихат хатышысы К. Базарбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Сарыкөл ауданының тұрғын

      үй-коммуналдық шаруашылық,

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _____________________ С. Ғайсенов

      "23" қараша 2016 жыл

  Мәслихаттың
2016 жылғы 23 қарашадағы
№ 59 шешіміне қосымша

Сарыкөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтар жинақталуының жылдық нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үй иелігі

1 тұрғын

1,13

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,3

3

Қонақ үйлер, демалыс үйлері

1 орын

1,4

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

1,21

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,57

6

Емханалар

1 адам

0,5

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек орын

1,7

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,3

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 орын

1,25

10

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,14

11

Азық-түлік дүкендері

сауда алаңы 1 м2

0,6

12

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,5

13

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

0,4

14

Азық-түлік және өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0,15

15

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

1,2

16

Вокзалдар, автовокзалдар

жалпы алаңы 1 м2

0,15

17

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

0,5

18

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю стансалар, гараждар

1 машина-орын

0,3

19

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,3

20

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,2

21

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

1,2

22

Аяқ киімді жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

1,2

23

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м2

0,35


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады