Екібастұз қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 186/22 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 қарашада № 5694 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 28/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 20.06.2023 № 28/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 404 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Жусупаев
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Куспеков

  Екібастұз қалалық
мәслихатының 2017 жылғы 3
қарашадағы № 186/22 шешіміне
қосымша

Екібастұз қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды
және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтер

№ р/н

Атауы

Есептік бірлік

Бағасы теңгемен/айына

1

Тұрмысқа жайлы үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 тұрғын

201,55

2

Тұрмысқа жайсыз үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 тұрғын

367,21

3

Заңды тұлғалар үшін қоршаған ортаға эмиссия төлемақысын есепке алмай, қосылған құн салығын есепке алмай, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 м3

1656,58

4

Заңды тұлғалар үшін қоршаған ортаға эмиссия төлемақысын есепке алмай, қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф

1 м3

303,81


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады