Екібастұз қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 28/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 маусымда № 7351-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 377 бұйрығына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Екібастұз қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы "Екібастұз қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтерді бекіту туралы" № 186/22 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Н. Макраев

  Екібастұз қалалық мәслихатының
2023 жылғы 20 маусымдағы
№ 28/4 шешіміне
қосымша

Екібастұз қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн
салығынсыз)

Жайлы үйлер

Айына1 тұрғыннан

464,45

Жайлы емес үйлер

Айына1 тұрғыннан

476,36

Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

2 858,16


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады