Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 1-16-01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 сәуірде № 5451 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық Екібастұз ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 1-16-02 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық Екібастұз ауылдық округі әкімінің 27.06.2017 № 1-16-02 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Екібастұз қаласы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 2-04/49 ұсынысы негізінде, Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдың пастереллез ауруының анықталуына байланысты, Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі Тай ауылының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Екібастұз қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қолжеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласы Екібастұз
      ауылдық округінің әкімі М. Куспеков
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Екібастұз қаласы әкімдігінің
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.Т. Садвакасов
      2017 жылғы "30" наурыз
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      iаруашылығы Министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Екібастұз
      қалалық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.К. Жакенов
      2017 жылғы "30 наурыз"
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика Министрлігі Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау комитеті
      Павлодар облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің
      Екібастұз қалалық тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы К.К. Токатов
      2017 жылғы "30 наурыз"

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады