Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 30 "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 15 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 ақпанда № 5359 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 16.07.2019 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді жұмсау мақсатында, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді айқындау туралы" № 30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда "Ауыл тынысы" № 11 және "Пульс села" № 11 аудандық газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қаржы сұрақтарға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Әмірин

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "19" қаңтардағы
№ 15 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік
бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

Р/с №

Аталуы

1

Ауданның жергілікті атқарушы органымен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды қарастыратын дамудың бюджеттік бағдарламасы шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу

2

Егер сатып алуға бөлінген лот сомасы (тармақ жоспары) айлық есептеме көрсеткіштен төрт мың есе асқанда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың айлық есептеме көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады