Железин ауданы Лесной селолық округі Крупское селосының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы Лесное селолық округі әкімінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 5391 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Лесной селолық округінің Крупское селосы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Лесной селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Железин ауданы Лесной селолық округі Крупское селосының "Крупская" көшесі "Астана" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Селолық округінің әкімі Т. Шайков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады