Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 14.08.2020 № 2/61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырдағы "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5520 болып тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2017 жылғы 10 маусымда № 22 жарияланған) № 2/17 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру Қағидаларында және оның сипаттамасында:
"Қызметтік куәліктің сипаттамасы" 3-тарауының 9-тармағындағы қазақ тіліндегі нұсқасында "Куәліктің" деген сөз "Қызметтік куәліктің" деген сөздерге өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А. Жетыбаева |
Аудандық мәслихатының хатшысы | Ғ. Арынов |