Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Май аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырдағы "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 2/17 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5520 болып тіркелген, 2017 жылғы 07 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) Май аудандық мәслихатының 2017 жылғы 09 қарашадағы "Май аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырдағы "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 2/17 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 2/21 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5686 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Май аудандық маслихатының сессия төрағасы | Н. Жумабекова |
Май аудандық маслихатының хатшысы | Г. Арынов |