Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі Набережное ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 1-04-5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 мамырда № 5490 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Григорьевка ауылдық округі Набережное ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Павлодар облыстық ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 21 қарашадағы қорытындысы негізінде, Григорьевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі Набережное ауылының "Центральная" көшесін "Шәмші Қалдаяқов" көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Григорьевка ауылдық
      округінің әкімі О. Веневцева-Лесовая

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады