Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 378 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 03 тамызда № 3935 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің 2017 жылғы 09 қарашадағы № 718 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің 09.11.2017 № 718 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жылыой аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы міндетін атқарушының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 ұсынысы негізінде Құлсары қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құлсары-Атырау тас жолы бойында орналасқан "Нұрлан" шаруа қожалығының аумағында құтыру ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Жылыой аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (К. Тагамбаева) және "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Жылыой аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (Г. Ирбатырова) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ш. Кейкин
      КЕЛІСІЛДІ:
Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Жылыой аудандық
орталық ауруханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігерінің
міндетін атқарушы
"___" __________ 2017 жыл
К. Тагамбаева
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің Қоғамдық
денсаулық сақтау комитеті Атырау
облысы Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Жылыой аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
"___" __________ 2017 жыл
Г. Ирбатырова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады