Құлсары қаласы әкімінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 378 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Құлсары қаласы әкімінің 2017 жылғы 9 қарашадағы № 718 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қарашада № 3992 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жылыой аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 12 қазандағы № 140 ұсынысы негізінде Құлсары қаласы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Құлсары қаласы әкімінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 378 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3935 болып тіркелген, 2017 жылғы 09 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ш. Кейкин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады