Құрманғазы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 415 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қазанда № 3961 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 17.07.2020 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұсынылып отырған Құрманғазы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 221 "Құрманғазы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің мемлекеттік тапсырысын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3549 тіркелген, 2016 жылғы 7 шілдеде "Серпер" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары У.Тажибаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Ж. Бектемиров

  Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "29" қыркүйектегі № 415 қаулысымен бекітілген қосымша

Құрманғазы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі білім мекемелерінде ата-ана төлемақысының мөлшері айына (теңге)

Жергілікті бюджет есебінен

Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

Айына бір баланың тамағына шығын теңге (көп емес)

Бөбекжай

Бақша

Бөбекжай

Бақша

1632

250

300

5000

6000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады