Құрманғазы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің мемлекеттік тапсырысын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 221 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 маусымда № 3549 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 415 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 29.09.2017 № 415 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұсынылып отырған Құрманғазы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің мемлекеттік тапсырысы бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Мусаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Шаяхметов

  Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "8" маусымдағы №221 қаулысымен бекітілді

Құрманғазы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің мемлекеттік тапсырысы

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі мекемелерде жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері айына (теңге)

Мектепке дейінгі білім мекемелерінде ата-ананың ақы төлеу мөлшері айына (теңге)

Республикалық бюджет есебінен

Жергілікті бюджет есебінен

Балабақша

Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

Айына бір баланың тамағына шығын теңге (көп емес)

Бөбек жай

Бақша

Бөбекжай

Бақша

514

1126

22 000

250

300

5000

6000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады