Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 25 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 маусымда № 3892 болып тіркелді

       "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14- бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысы негізінде, Теңіз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Приморье, Шайхы, Құмарғали, Дәулет ауылдарындағы кейбір көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі К. Ихсанов

  Теңіз ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "31" мамырдағы № 25 шешіміне қосымша

1. Приморье ауылындағы көше атауларының тізімі:

      1) № 1 көшеге - "Абай" есімі;

      2) № 2 көшеге - "Махамбет" есімі;

      3) № 3 көшеге - "Жамбыл Жабаев" есімі;

      4) № 4 көшеге – "Исатай" есімі;

      5) № 5 көшеге – "Дина Нұрпейісова" есімі;

      6) № 6 көшеге - " Құрманғазы" есімі;

      7) № 7 көшеге - "Достық" атауы;

      8) № 8 көшеге - "Жеңіс" атауы;

2. Шайхы ауылындағы;

      № 1 көшеге – "Ардагер" атауы.

3. Құмарғали ауылындағы;

      № 1 көшеге – "Майдангер" атауы.

4. Дәулет ауылындағы;

      № 1 көшеге – "Шипагер" атауы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады