Шымкент қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 маусымдағы № 17/156-6с шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 18 шілдеде № 4162 болып тiркелдi. Күші жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 2/16-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 03.04.2023 № 2/16-VIII шешiмiмен (01.05.2023 бастап күшiне енедi).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шымкент қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Е. Дәрменов
      Қалалық мәслихат
      хатшысы Н. Бекназаров

  Шымкент қалалық
мәслихатының 2017
жылғы "28" маусымдағы
№ 17/156-6с шешіміне
қосымша

Шымкент қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Есептік бірлік

Баға, теңгемен

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері

1.1

Жайлы үйлер

1 адам

171,00

1.2

Жайлы емес үйлер

1 адам

200,00

1.3

Заңды тұлғалар

1 текше метр

1399,46

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтері

2.1

Жеке тұлғалар

1 тонна

1036,12

2.2

Заңды тұлғалар

1 тонна

1725,90

3

Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтері

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады