Бәйдібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 ақпандағы № 12/70 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 24 ақпанда № 3984 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 57/341 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 28.10.2020 № 57/341 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10030 тiркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Бәйдібек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйдібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмге 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Бәйдібек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмге 2 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы: Б.Ашрафи
      Аудандық мәслихат хатшысы: М.Нахипбеков

  Бәйдібек аудандық мәслихатының
2017 жылғы 9 ақпандағы
№ 12/70 шешіміне 1 қосымша

Бәйдібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектiлер

Есептiк бiрлiк

Жылдық жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,95
1,061

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлерi, қарттар үйлерi

1 орын

1

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлерi

1 орын

1

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,3992

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктерi, байланыс бөлiмшелерi

1 қызметкер

0,275

6

Емханалар

1 адам

0,275

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi

1 төсек-орын

1,0

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,12

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi

1 орын

0,0001

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар

1 орын

0,2

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы


-

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,2

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы


0,2

14

Азық-түлiк дүкендерi

Сауда алаңы


1,23

15

Машиналардан сату

Сауда орны


-

16

Өнеркәсiптiк дүкендер, супермаркеттер

Сауда алаңы


0,9091

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгiршектер, сөрелер

Сауда алаңы


0,974

18

Азық-түлiк тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы


-

19

Өнеркәсiптiк тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы


-

20

Тұрмыстық қызмет корсету үйi: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы


0,2

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы


0,5

22

Жағажайлар

Жалпы алаңы


-

23

Дәрiханалар

Сауда алаңы


0,91

24

Автотұрақтар, автомобильдi жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

0,107

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,2

26

Гараж кооперативтерi

1 гаражға

-

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,2

28

Кiр жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тiгiн ательесi

Жалпы алаңы


0,27

29

Зергерлiк, аяқ киiмдi, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы


0,06

30

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кiлттер жасау)

1 жұмыс орны

0,06

31

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы


0,23

32

Ауданның аумағында жаппай iс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

-

33

Бау-бақша кооперативтерi

1 учаске

0,0019


  Бәйдібек аудандық мәслихатының
2017 жылғы 9 ақпандағы
№ 12/70 шешіміне 2 қосымша

Бәйдібек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерi

Атауы

Есептік бірлік

Баға, теңгемен

1.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері



1.1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 адам

112

1.2

Заңды тұлғалар

1 текше метр

3286

2.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтерi



2.1

Жеке тұлғалар

1 текше метр

201

1 тонна

1005

2.2

Заңды тұлғалар

1 текше метр

260

1 тонна

1300

3.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтерi


-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады