Бәйдібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 57/341 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 28 қаңтарда № 6045 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 25.09.2023 № 6/28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйдібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Бәйдібек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 ақпандағы № 12/70 "Бәйдібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу номаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3984 болып тіркелген, 2017 жылы 10 наурызында "Шаян" газетінде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 9 наурызында электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. "Бәйдібек ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Бәйдібек ауданының мәслихатының интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат сессиясының төрағасы А. Елеусіз
      Мәслихат хатшысы М. Нахипбеков

  Байдібек аудандық мәслихатының
2020 жылғы 28 қазандағы № 57/341
шешіміне 1 қосымша

Бәйдібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,951,061

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлерi, қарттар үйлерi

1 орын

1

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлерi

1 орын

1

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,3992

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктерi, байланыс бөлiмшелерi

1 қызметкер

0,275

6

Емханалар

1 келіп кету

0,275

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi

1 төсек-орын

1,0

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1оқушы

0,12

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi

1 отыратын орын

0,0001

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,2

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

-

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,2

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

0,2

14

Азық-түлiк, өнеркәсәптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

1,23

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

-

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгiршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

0,974

17

Азық-түлiк тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

-

18

Өнеркәсiптiк тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

-

19

Тұрмыстық қызмет корсету үйi: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1 м2

0,2

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1 м2

0,5

21

Жағажайлар

жалпы алаңы 1 м2

-

22

Дәрiханалар

сауда алаңы 1 м2

0,91

23

Автотұрақтар, автомобильдi жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

0,107

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,2

25

Гараж кооперативтерi

1 гаражға

-

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,2

27

Кiр жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тiгiн ательесi

Жалпы алаңы 1 м2

0,27

28

Зергерлiк, аяқ киiмдi, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,06

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кiлттер жасау)

1 жұмыс орны

0,06

30

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,23

31

Ауданның аумағында жаппай iс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

-

32

Бау-бақша кооперативтерi

1 учаске

0,0019

 
  Байдібек аудандық мәслихатының
2020 жылғы 28 қазандағы № 57/341
шешіміне 2 қосымша

Бәйдібек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Есептік бірлік

Қызметтің құны теңге

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтері



1.1

Жайлы үйлер

1 тұрғын/ 1 айда

112

1.2

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын/ 1 айда

112

1.3

Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар

1 м3

3286

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтері



2.1

Жеке тұлғалар үшін

1м3

260

2.2

Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар үшін

1 м3

1005


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады