Мақтарал ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 6 қарашадағы № 961 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 30 қарашада № 4283 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 шілдедегі № 309 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 20.07.2020 № 309 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағына 4-2) тармақшасына "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2-тармағына және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген),Мақтарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мақтарал ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Т.Төребековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің уақытша
      міндетін атқарушы А.Маханбетов

  Мақтарал ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 06 қараша № 961
қаулысымен бекітілген

Мақтарал ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

р/с

Елді мекеннің атауы

Орналасатын орны

1

Жетісай қаласы

С.Қожанов көшесі, "Sinooil" жанар-жағар май құю бекеті мен "Табиғат" тойханасы аралығы

2

Жетісай қаласы

Жүргенбаев көшесі мен Космонавттар көшелерінің қиылысы

3

Жетісай қаласы

Ескендіров көшесі мен Мұсабаев көшелерінің қиылысы

4

Жетісай қаласы

Амангелді көшесі, "Дарын" мектеп-интернаттының алды

5

Атакент кенті

Желтоқсан көшесімен Көпжасаров көшесінің қиылысы

6

Атакент кенті

Бекжанов көшесі мен Орлов көшесінің қиылысы

7

Мырзакент кенті

Е.Мамбетов көшесі, Бекет батыр көшесі мен Абай көшесі аралығы

8

Мырзакент кенті

Е.Мамбетов көшесі, Тойғанов көшесі мен Жамбыл көшесінің аралығы

9

Асықата кенті

Қ.Ысқақов көшесі мен Қ.А.Яссауи көшелерінің қиылысы

10

Асықата кенті

Абылқасымов көшесінің бойында, "№15" колледжінің алды

11

Нұрлыбаев а/о

Ынталы ауылы, М.Миманжораев көшесі "Бақытжан" сауда дүкенінің жанында

12

Ш.Ділдабеков

Қызыләскер-Асықата тас жол бойындағы Сырабад ауылына қарасты жол бойы

13

Жылы су а/о

Баққоныс елді мекені Жастар көшесі

14

Жылы су а/о

Баққоныс елді мекені Орталық көшесі

15

Жылы су а/о

Мырзашоқы елді мекені Береке көшесі

16

Жылы су а/о

Шардара-Жетісай тас жолы бойында орналасқан күріш цехы мен "Спан ата" жанар-жағар май құю бекеті аралығы

17

Жылы су а/о

Әл-Фараби елді мекені Достық көшесі

18

Жылы су а/о

Сейфуллин елді мекені Тоқтаров көшесі

19

Жаңа ауыл а/о

Ынтымақ елді мекені, Жетісай-Гагарин тас жолы. Мақта түту цехпен құрылысы аяқталмаған тойхананың аралығы

20

Жаңа ауыл а/о

Әбдіхалық елді мекені, Жетісай-Гагарин тас жолы. "Жібек жолы" кафесінің алды.

21

Жаңа ауыл а/о

Қарой елді мекені, Ақалтын көшесі, аялдаманың жаны.

22

Жаңа ауыл а/о

Ынтымақ елді мекені, Астана көшесінің бойы

23

Жаңа ауыл а/о

Атақоныс елді мекені, Абылайхан көшесінің бойы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады