Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 12.06.2023 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңының 27 бабының 2 тармағына және "Iшкi сауда қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес, (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11148 болып тiркелген) Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақтаарал ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 961 "Мақтарал ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4283 тіркелген, 2017 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Султанхановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Асанов |
Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 309 қаулысына қосымша |
Мақтаарал ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
№ | Елді мекеннің атауы | Орналасатын орны |
1 | Мырзакент кенті | Еркіндік көшесі және Достық каналының қиылысы |
2 | Мырзакент кенті | Е.Мамбетов көшесі бойында (Бекет батыр көшесі мен Абай көшесінің аралығы) |
3 | Атакент кенті | Ташкент көшесі бойында (Шаруашылық көшесі мен К.Көшкінбаев көшесінің аралығы) |
4 | Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі | М.Миманжораев көшесі бойында (Мәдениет үйі ғимаратының оң жақ беті) |