Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 23 қазандағы № 461 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 26 қазанда № 5858 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 11 тамыздағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 11.08.2022 № 248 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1-қосымшаға;

      2) ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Сайрам ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 412 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4260 тіркелген, 2017 жылғы 28 қарашада "Мәртөбе" газетінде және 2017 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.Оразалиевке жүктелсiн.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі У. Садибеков

  Сайрам ауданы әкімдігінің
2020 жылғы __ шілдедегі
№ қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны (бюджеттік қаражаттар есебінен)

11470

 
  Сайрам ауданы әкімдігінің
2020 жылғы __шілдедегі
№ қаулысына 2-қосымша

Ата-ана төлемақысының мөлшері

Барлығы:

Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)

Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)

326,9

410,9


      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады