Ақсукент ауылдық округі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 23-160/VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 19 қаңтарда № 4411 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2019 жылғы 2 мамырдағы № 40-257/VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 02.05.2019 № 40-257/VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсукент ауылдық округі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Ақсукент ауылдық округі бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Сайрам аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Сайрам ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сайрам аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г.Раимкулов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж.Сүлейменов

  Сайрам аудандық
мәслихатының 2017 жылғы
28 желтоқсандағы № 23-160/VI
шешіміне № 1 қосымша

Ақсукент ауылдық округі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Орташа жылдық жинақталу нормалары, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,898
2,007

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері

1 орын

-

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,883

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,33

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,24

6

Емханалар

1 адам

0,016

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,474

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1оқушы

0,033

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 тағам

1,058

10

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

-

11

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар

1 орын

0,06

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,08

13

Спорт би және ойын залдары

Жалпы алаңы

-

14

Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы м2

0,90

15

Машиналардансату

Сауда орны, м2

-

16

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

Сауда алаңы м2

0,365

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы м2

0,219

18

Азық-түлік тауарларының көтерме базары, коймалары

Жалпы алаңы 1 м2

-

19

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базары, қоймалары

Сауда алаңы 1 м2

-

20

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

-

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

-

22

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

-

23

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,365

24

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

2,01

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,847

26

Гараж кооперативтері

1 гаражға

-

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

2,848

28

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,1

29

Зергерлік, аяқ қиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,25

30

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқты)

1 жұмыс орны

-

31

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,06

32

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

-

33

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

-


  Сайрам аудандық
мәслихатының 2017 жылғы
28 желтоқсандағы № 23-160/VI
шешіміне № 2 қосымша

Ақсукент ауылдық округі бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері


Атауы

Есептік бірлік

Бағасы, теңгемен

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері



1.1.

Жайлы емес үйлері

1 тұрғын

120

1.2.

Жайлы үйлер

1 тұрғын

110

1.3.

Заңды тұлғалардан

1 текше метр

835

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтері



2.1

Жеке тұлғалар

1 текше метр

183



1 тонна

915

2.2

Заңды тұлғалар

1 текше метр

237



1 тонна

1185

3

Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтерi

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады