Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 15.06.2020 № 55/11-06 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10030 тiркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Түлкібас ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмге 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Түлкібас ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмге 2 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
3. Түлкібас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33/11-05 "Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемелекеттің тіркеу тізілімінде 2849 нөмірімен тіркелген, 2014 жылдың 31 қазанда аудандық "Шамшырақ" қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А.Айдарбеков |
Аудандық мәслихат хатшысының | |
міндетін уақытша атқарушы | К.Ахметов |
Түлкібас аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 13/4-06 шешіміне 1 қосымша |
Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 26.11.2019 № 46/2-06 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік |
Орташа жылдық жинақталу нормалары, |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
1,86 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,28 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,62 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,35 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,21 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,018 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,73 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,029 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,99 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,06 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы аудан | 0,003 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,09 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы | - |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы | 0,98 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының | - |
16 | Алынып тасталды - Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 26.11.2019 № 46/2-06 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | ||
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы | 0,21 |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы | - |
19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы | -- |
20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы | 0,02 |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы | - |
22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы | - |
23 | Дәріханалар | Сауда алаңы | 0,33 |
24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 көлік орын | 1,90 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,7 |
26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | - |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,56 |
28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы | 0,1 |
29 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы | 0,23 |
30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау) және сол сияқтылар | 1 жұмыс орны | - |
31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы | 0,06 |
32 | Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | - |
33 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
Түлкібас аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 13/4-06 шешіміне 2 қосымша |
Түлкібас ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
№ | Атаулары | Есептік бірлік | Баға, теңгемен |
1 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері | ||
1.1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 адам | 100 |
1.2 | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 700 |
2 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтер | ||
2.1 | Жеке тұлғалар | 1 текше метр | 100 |
тонна | - | ||
2.2 | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 250 |
1 тонна | - | ||
3 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтер | - | - |