Түлкібас аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 13/4-06 "Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 46/2-06 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қарашада № 5266 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 55/11-06 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 15.06.2020 № 55/11-06 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10030 тiркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Түлкібас ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түлкібас аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 13/4-06 "Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4082 тіркелген, 2017 жылғы 19 мамырда "Шамшырақ" газетінде және 2017 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-қосымшада:

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "

6

Емханалар

1 келіп кету

0,018

      ";

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,73

      ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,99

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,06

      ";

      реттік нөмірі 14 және 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,98

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

-

      ";

      реттік нөмірі 16-жол алынып тасталсын.".

      2. "Түлкібас аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешiмнің орындалуын бақылау Түлкібас аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ. Ахметов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Сейсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады