Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 шілдедегі № 175 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 шілдедегі № 12/143-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 шілдеде № 5133 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, бірлескен Жарма аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 10/90-VI шешімі мен Жарма ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 67 "Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) есепті деректерден шығарылсын және таратылсын:

      Жайма ауылдық округі;

      Терістаңбалы ауылдық округі;

      Делбегетей ауылдық округі;

      2) таратылатын:

      Жайма және Терістаңбалы ауылдық округтерінің аумақтары шекараларын өзгерту арқылы Суықбұлақ кентінің құрамына;

      Делбегетей ауылдық округінің аумағы шекарасын өзгерту арқылы Қарасу ауылдық округінің құрамына енгізілсін;

      3) Қалбатау ауылдық округінің Жаңаөзен ауылы Ақжал ауылдық округінің әкімшілік және аумақтық қарамағына Қалбатау және Ақжал ауылдық округтердің шекараларын өзгертумен берілсін;

      4) есепті деректерге өзгерістер енгізумен Жаңаөзен ауылында әкімшілік орталығымен Ақжал ауылдық округі қайта құрылсын.

      2. Осы шешім мен қаулы олардың алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия

төрағасы Ә. Мұхтарханов

Облыс

әкімі Д. Ахметов


Облыстық мәслихаттың

хатшысы В. Головатюк



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады