"Көшелердің атауын өзгерту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Андреевка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 09 ақпандағы № 1 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Андреевка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 қарашада № 5268 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Андреевка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Көшелердің атауын өзгерту туралы" Бородулиха ауданы Андреевка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 09 ақпандағы № 1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4903 тіркелген, 2017 жылғы 07 сәуірде № 14 (685) "Аудан тынысы", 2017 жылғы 07 сәуірде № 14 (7004) "Пульс района" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі реттік нөмірлері 2-ден 3-ке, 3-тен 4-ке өзгертілсін, орыс тілдегі реттік нөмірлер өзгертілмейді;

      мемлекеттік тілдегі 2 – тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      Андреевка ауылдық округі Михайличенково ауылының атаусыз көшесіне Болашақ атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.


      Округ әкімі Б. Кулаков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады