РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссияның 2016 жылғы 1 қарашадағы қорытындысына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Андреевка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Андреевка ауылдық округі Михайличенково ауылының көшелерінің атауы:
Комсомольская көшесі - Бірлік көшесіне;
60 лет Октября көшесі - Шоқан Уәлиханов көшесіне өзгертілсін.
2. Андреевка ауылдық округі Михайличенково ауылының атаусыз көшесіне Болашақ атауы берілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Андреевка ауылдық округі әкімінің 16.10.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Андреевка ауылдық округі әкімінің 16.10.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Андреевка ауылдық округі әкімінің 16.10.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Округ әкімі | Б. Кулаков |