Көшелердің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 9 ақпандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 наурызда № 4902 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссияның 2016 жылғы 1 қарашадағы қорытындысына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Новопокровка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Новопокровка ауылдық округі Новопокровка ауылының көшелерінің атауы:
      Советская көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
      Семилетка көшесі Төлеубай Аманов көшесіне өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Ауылдық округ әкімінің
      міндетін атқарушы И.Бельская

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады