Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 04.07.2022 № 224 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8, 27-баптарына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11148 нөмірімен тіркелген) бұйрығының 102-тармағына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Катонқарағай ауданы әкімдігінің "Көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды анықтау туралы" 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 465 (нормативтік құқықтық актілердің 2017 жылғы 26 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4849 нөмірмен тіркелген, 2016 жылғы 05 тамыздағы № 32 (7916) "Арай" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
Аудан әкімдігінің "Көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды анықтау туралы" қаулысымен бекітілген қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Катонқарағай ауданының әкімі | А. Нұрғожин |
Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 262 қаулысына қосымша |
Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар
№ р/с | Әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауы | Орналасқан орны |
1 | Үлкен Нарын ауылдық округі | Үлкен Нарын ауылы, Тумашинов көшесі (№ 4/5 ғимараты ауданында) |
2 | Жамбыл ауылдық округі | Жамбыл ауылы, Қайнар көшесі (№ 32 үйдің маңайында) |
3 | Өрел ауылдық округі |
Өрел ауылы, Қабанбай батыр көшесі (№ 52 үйдің маңайында); |
4 | Солоновка ауылдық округі |
Солоновка ауылы, Советская көшесі (№ 22 үйдің маңайында); |
5 | Катонқарағай ауылдық округі |
Катонқарағай ауылы, Топорков көшесі (№ 103-1 үйдің маңайында); |
6 | Солдатова ауылдық округі | Солдатова ауылы, Астана көшесі (№ 7 үйдің маңайында) |
7 | Алтынбел ауылдық округі |
Алтынбел ауылы, Тәуелсіздік көшесі (№ 52 үйдің маңайында); |
8 | Коробиха ауылдық округі |
Коробиха ауылы, Заречная көшесі (№ 9 үйдің маңайында); |
9 | Белқарағай ауылдық округі |
Белқарағай ауылы, Жүнісов көшесі (№ 18 үйдің маңайында); |
10 | Аққайнар ауылдық округі |
Аққайнар ауылы, Абай көшесі (№ 35 үйдің маңайында); |
11 | Новополяковка ауылдық округі |
Новополяковка ауылы, Абай көшесі (№ 44 ғимараты ауданында); |
12 | Ново-Хайрузовка ауылдық округі | Ново-Хайрузовка ауылы, Ленин көшесі (№ 71 үйдің маңайында) |
13 | Ақсу ауылдық округі | Ақсу ауылы, Абай көшесі (№ 23 үйдің маңайында) |