РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасын сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылдың 1 қарашадағы қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мақаншы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мақаншы ауылындағы атауы жоқ көшеге "Аблез Жолдыбаев" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мақаншы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы З.Семизбаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақаншы ауылдық округінің әкімі | С.Калиев |