Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 37 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 наурызда № 4700 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 343 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4200 тіркелген, 2016 жылы 21 қаңтарда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) және 2016 жылғы 23 ақпандағы №41 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы №343 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4303 тіркелген, 2016 жылы 2 сәуірде "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (Г.Ж.Рахметова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Қ.Ш.Қанаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Көлгінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады