Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округінің Бударин және Самал ауылдарының кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 23 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қарашада № 4960 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Бударин және Самал ауылдарының халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округінің Бударин және Самал ауылдарының кейбір көше атаулары:

      1) Бударин ауылы бойынша:

      "Советская" көшесі – "Қазақстан" көшесі;

      2) Самал ауылы бойынша:

      "Центральная" көшесі – "Шұғыла" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Бударин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Е.Есеналиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бударин ауылдық округі әкімі Ш.Мусагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады