Бөкей ордасы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы № 12-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қазанда № 4939 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 2-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 24.04.2023 № 2-3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1 бабына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері бекітілсін.

      2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А.Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия торағасы Н.Тажмұратов
      Мәслихат хатшысы Е.Таңатов

  Бөкей ордасы аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 10 қазандағы №12-6
шешіміне қосымша

Бөкей ордасы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға және әкетуге арналған тарифтері

п/п

Объект

Есеп айырысу бірлігі

Баға теңгемен (ҚҚС жоқ)

1.

Тұрмысқа жайлы иеліктегі үйлер

тұрғын/айына

155,83

2.

Тұрмысқа жайлы емес иеліктегі үйлер 

тұрғын/айына

155,83

3

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінен

1 м³

2783,82

      Аббревиатураның ажыратып жазылуы:

      м³ - текше метр;

      ҚҚС - қосылған құн салығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады