Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 27.03.2019 № 34-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Зеленов аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2. Аудандық мәслихат хатшысы (Р.Исмагулов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Б.Ислямова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р.Исмагулов |
2017 жылғы 29 қарашадағы Зеленов аудандық мәслихатының № 14-4 шешімімен бекітілген |
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру үшін аудан әкімдігі комиссия (бұдан әрі- комиссия) құрады, оның құрамына аудан әкімінің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасары, тиісті мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың өкілдері кіреді.
Комиссияның жұмысшы органы "Зеленов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып (бұдан әрі- бөлім) табылады.
Комиссия осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша иесіз қалдықтарды коммуналдық меншікке беру туралы акт жасайды.
4. Иесіз қалдықтарды басқару бөліммен жүзеге асырылады.
5. Иесіз қалдықтарды басқару– бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлім дербес немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып:
1) қалдықтардың құрамын зерделеу;
2) қалдықтардың күйін анықтау;
3) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-ө "Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 2 шілдеде № 4775 болып тіркелген) бұйрығы негізінде кодын анықтау жұмыстарын жүргізу. Қауіпті қалдықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-ө "Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 11 маусымда № 4720 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қауіпті қалдықтар паспорты жасақталады.
Сонымен қатар, бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалау қызметі саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып, қалдықтардың құнын анықтау жұмыстарын жүргізеді.
Бөлім жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрында есепке алу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қалдықтардың көлемi, түрлерi, орналасқан жерi, жай-күйi және оларды басқару жөнiндегi қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты электрондық және қағаз тасымалдағыштарда есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша береді.
7. Қауіпті қалдықтар анықталған жағдайда, халықтың қалдықтарға қолжетімдігін болдырмаудың алдын алуды, оларды оқшаулауды, олардың топырақ жамылғысына, су ресурстары мен атмосфералық ауаға теріс әсерiн азайту жөнiндегі шараларды бөлім қамтамасыз етеді.
8. Егер Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалдықтардың қорытынды құны нөлге тең деп анықталса, онда мұндай қалдықтарға осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен оларды ақысыз негізде өткізу бойынша нормалар қолданылады.
9. Қалдықтарды бөлім жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша конкурс өткізу арқылы сатады.
10. Конкурсты дайындауды және өткізуді бөлім жүзеге асырады. Зеленов ауданы әкімдігімен Зеленов ауданы әкімдігі бөлімдерінің өкілдерін және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін қоса отырып, конкурстық комиссияның құрамын қалыптастырады.
11. Конкурстың шарттарын бөлім анықтайды.
12. Бөлім еркін нысандағы жазбаша өтініш негізінде конкурсқа әлеуетті қатысушыларға конкурсқа қойылатын қалдықтар объекті бойынша құжаттар пакетінің көшірмелерін ақысыз ұсынады.
Құжаттар пакетін бөлім қалыптастырады және ол конкурстық ұсыныс әзірлеу үшін өтініш берушіге қажетті мынадай ақпараттан тұрады:
1) қалдықтар туралы тарихи анықтама;
2) қалдықтардың сандық-сапалық сипаттамасы туралы ақпарат;
3) қалдықтардың қасиеттері туралы ақпарат;
4) қоршаған ортаға әсері туралы мәліметтер.
13. Конкурс ашық тәсілмен және қатысушылардың аясы шектелмеген тобы арасында өткізіледі. Ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру Зеленов ауданының таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Конкурсты өткізу мерзімін бөлім конкурс жарияланып отырған қалдықтар объектісінің ерекшелігіне қарай, бірақ конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей анықтайды. Бір мезгілде хабарландыру Зеленов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады.
14. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мыналарды қамтиды:
1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау орнының мекенжайы;
2) өткізу уақыты мен орны;
3) қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі;
4) конкурстың негізгі шарттары;
5) конкурсқа шығарылатын қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы;
6) ақы төлеу үшін деректемелерді көрсете отырып, конкурсқа қатысу құқығы үшін қалдықтар объектісін бағалау құнының бір пайызын құрайтын жарнаның мөлшері.
15. Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі– өтінім) қабылдауды бөлім мерзімді баспа басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап жүзеге асырады және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау күніне үш күнтізбелік күн қалғанда аяқтайды.
16. Әлеуетті қатысушылар өтінімдерін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беттері нөмірленіп, тігілген түрде ұсынады, соңғы бетіне олардың қолдары қойылып, мөр басылып куәландырылады.
Конкурсқа әлеуетті қатысушы қажет болған жағдайда конкурс шарттарының талаптарына сәйкес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірге орындаушы) тартады, бірақ қызмет, жұмыс көлемінің үштен екі бөлігінен артық болмауы тиіс.
17. Конкурсқа қатысушы өтінімдерді қараудың белгіленген мерзіміне үш жұмыс күні қалғанға дейін бөлімге жазбаша түрде хабарлай отырып, өз өтінімін кері қайтара алады.
18. Қарау қорытындысы бойынша комиссия өтінімдерді қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Өтінімдерді қарау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бөлім өтінім берушіге конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелді бас тарту жолдайды.
19. Бөлім мынадай жағдайларда өтінім қабылдаудан бас тартады:
1) осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып өтінім беру;
2) өтінім беруші өтінімінде жалған немесе дұрыс емес мәліметтер беруі;
3) өтінімде өтінім берушінің қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (қайта өңдеу) үшін қажетті техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржы мүмкіндіктері (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда № 5446 болып тіркелген) нысан бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік салымдар бойынша берешектiң (бар) жоқ екендiгi туралы мәліметтер, қаржы мүмкіндіктерін растайтын құжат) бар екені немесе оларға ие болатыны туралы құжат жүзінде растаманың болмауы.
20. Конкурсқа қатысуға дайындық бойынша шығынды қоса алғанда, конкурсқа қатысушылардың жұмсаған шығындары қайтаруға не өтелуге жатпайды. Бөлім конкурстың қорытындысы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жеңімпаз деп танылмаған конкурсқа қатысушыларға жарналарын қайтарады.
21. Конкурсқа жіберілген өтінім беруші конкурстық ұсыныс жасайды, оны бөлімге конверттерді ашу рәсіміне бір сағатқа дейінгі уақыттан кешіктірмей ұсынады. Бөлімге келіп түскен және конкурсқа жіберілген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға кері қайтарылмайды.
22. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныстар мыналарды қамтиды:
1) өтінім берушінің конкурс өткізу тәртібіне және өтінім берушінің міндеттеріне қатысты осы Қағидалардың шарттарымен танысқандығы туралы растауы;
2) жарғы көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
3) әлеуетті қатысушының бірінші басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың көшірмесі;
4) жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлердің тізбесі, қосалқы мердігерлерге берілген жұмыстардың көлемі мен түрлері (жұмысқа тартылған жағдайда);
5) конкурсқа қатысу құқығына төленген жарна төлемін растайтын құжат (ақысыз өткізген жағдайда ұсынылмайды);
6) әлеуетті қатысушының қолы қойылған баға ұсынысы;
7) конкурс шарттарын орындауға бағытталуы тиіс бағдарлама (жобаны іске асыру мерзімдері, технологияны қолдану, қаржы мүмкіндіктері, экологиялық заңнамалар талаптарына сәйкестігі).
23. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысты беттері нөмірленген, тігілген түрде ұсынады және соңғы парағына оның қолы қойылып, мөр басылып куәландырылады.
24. Конкурстық ұсыныстар әлеуетті қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайды есепке алмағанда, тармақтардың арасында ешқандай да бір артық жазусыз, өшірусіз немесе қоса жазуларсыз ұсынылады.
25. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысын конвертке мөр соғып бекітеді. Конвертте әлеуетті қатысушының атауы және заңды мекенжайы көрсетіледі.
26. Конкурстық ұсыныстарды бағалауды конкурстық комиссия конверттерді ашқан күнінен бастап он бес жұмыс күн ішінде жүргізеді.
Конкурстық комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді. Хаттамаға конкурстың комиссия мүшелері қол қояды.
27. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ол қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген кезде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептелінеді.
Конкурстық комиссияның кез келген мүшесі конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда өз пікірін білдіріп, оны жазбаша баяндайды және ол конкурс қорытындысының хаттамасына тіркелінеді.
28. Конкурс жеңімпазын конкурстық комиссия келесідей негізгі критерийлер жиынтығы негізінде анықтайды:
1) бағдарламаның іс-шаралары конкурс шарттарын орындауды қамтамасыз етуге тиісті (жобаны жүзеге асыру мерзімдері, технологияларды қолдану, қаржы мүмкіндіктері, экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкестігі);
2) ең жоғары баға.
29. Конкурстың нәтижелері Зеленов ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында жарияланады, сондай-ақ шұғыл түрде аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады.
30. Конкурсқа бір ғана өтінім беруші қатысқан жағдайда, конкурс өтпеген деп танылады.
31. Конкурс өткізілген жоқ деп танылған кезде конкурстық комиссия объектіні конкурстан алып тастайды немесе конкурсті қайта өткізеді. Тек бір ғана өтінім берушінің қатысуына байланысты конкурс қайта өткізілген жоқ деп танылған кезде, бөлім конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша мұндай өтінім берушімен келіссөздер және жергілікті атқарушы органға тиімді шарттар негізінде бөлім үшін тиімділігі конкурстық ұсыныста олар ұсынғаннан кем болмайтын жағдайда келісімшарт жасайды.
32. Конкурс талаптарына сәйкес келетін бірде-бір жоба ұсынылмаған жағдайда да конкурс өткізілген жоқ деп танылады.
33. Конкурс жеңімпазымен қалдықтарды жүзеге асыру туралы келісімшарт (бұдан әрі - Келісімшарт) жасалады, оның шарттары Зеленов ауданы әкімдігімен келісіледі. Келісімшарт қалдықтармен жұмыс жасау және жалпы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу, сондай-ақ конкурс жеңімпазының бөлім бекіткен нысан бойынша орындалған жұмыстары туралы есебін ұсыну кезінде, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау бойынша міндеттемелерді қарастырады.
Есеп бөлімге тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне дейін ұсынылады.
Келісімшарт талаптары сақталмаған жағдайда тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзады және конкурс өткізуді қайта жариялайды.
34. Конкурс екі рет өтпеген деп танылған жағдайда, бөлім осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен қалдықтарды ақысыз негізде конкурс өткізеді.
35. Бөлімге қалдықтарды жүзеге асырудан түскен қаражаты мемлекет кірісіне жіберіледі.
36. Осы Қағидалардың 31 тармағымен көзделген негіздемелер бойынша қалдықтарды ақысыз негізде жүзеге асыру бойынша конкурс өтпеген деп танылған кезде, қалдықтар талап етілмеген деп саналады.
Бөлім талап етілмеген қалдықтарды кәдеге жаратуды және жоюды Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес, аудандық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырады.
37. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтардың объектілері орналасқан аумақтарды қалпына келтіру істері, олар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының жер заңнамасындағы талаптарға сәйкес жүргізіледі.
3. Қорытынды ережелер
38. Коммуналдық меншiкке түскен қалдықтармен жұмыс жасау процесінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Иесіз қалдықтарды
коммуналдық меншiкке беру туралы акті
20__жылғы "___"________________ ___________________________
(жасалған уақыты) (акт жасалған орын)
Комиссия құрамында
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
20____ жылғы "____" _________ № _____ сот шешiмiнiң негiзiнде коммуналдық меншiкке мынадай құрамдағы:
Қалдық түрi | Саны (тонна, м3, га ауданы) | Қалдықтың коды (қалдықтар сыныптамасы бойынша) | Орналасқан жері | Қалдықтардың жай-күйi туралы түсiндірме |
иесiз қалдықтардың қабылданғаны туралы осы актiнi жасады.
Комиссия мүшелерi (Т.А.Ә., қолы):
Мөрдің орны
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
м3 - метр куб;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты;
га – гектар.
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім
1.________________________________________________________________________
өтініш берушінің атауы
2.________________________________________________________________________
өтініш берушінің заңды мекенжайы және негізгі қызмет орнының мекенжайы
3.________________________________________________________________________
мемлекеттік тиістілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтылығы (жеке тұлғалар үшін)
4.________________________________________________________________________
басшылары немесе заңды тұлғалар иелері және өтініш берушіні ұсынатын тұлғалар туралы мәлімет
5.________________________________________________________________________
Зеленов ауданы әкімдігімен анықталған конкурс шарттарын орындау үшін өтініш берушінің техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктері туралы мәліметтер (салықтық берешектің жоқтығы туралы анықтама, ақшалай қаражаттың бары туралы банктік анықтама) құжаттармен расталған, қоса беріледі.
____________________________ _______________ ________________________
(бөлімнің атауы) (қолы) (Т.А.Ә.)
Аббревиатураның толық жазылуы:
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.