Зеленов ауданы Щапов ауылдық округінің Жаңатан ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Щапов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 37 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 қыркүйекте № 4898 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Щапов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Щапов ауылдық округі әкімінің 27.02.2018 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының" 2017 жылғы 16 маусымдағы № 1-24-385 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеленов ауданы Щапов ауылдық округінің Жаңатан ауылы аумағында ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Щапов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б.Т.Нурбаиров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Щапов ауылдық округі әкімі А.Әбжан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады