Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 01.11.2022 № 28-1 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 98 "Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Теректі аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 31 наурыздағы №11-5 "Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешімі жойылсын.
3. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (В.Мустивко) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Е. Плотникова |
Аудандық мәслихат хатшысы |
Ә. Нұрғалиев |
Теректі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы №12-4 шешіміне қосымша |
Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Объектінің түрі | Есептік бірлік | м3/жыл |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,1 |
2. | Қонақ үйлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,13 |
3. | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,4 |
4. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,62 |
5. | Емханалар | 1 адам | 0,04 |
6. | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 2,06 |
7. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,13 |
8. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 1,16 |
9. | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,8 |
10. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,26 |
11. | Дүкендер, супермаркеттер, базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,77 |
12. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,44 |
13. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильдерге жанармай құю бекеттері, гараждар | 1 машина-орын | 0,11 |
14. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,11 |
15. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,23 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
м2 - шаршы метр;
м3 – куб метр.