Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Теректі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Теректі аудандық мәслихатының "Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 9 шілдедегі № 12-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4856 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теректі аудандық мәслихат хатшысы | А. Нургалиев |
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихаты 2022 жылғы 1 қарашадағы № 28-1 шешіміне қосымша |
Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
1,83 |
2. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,80 |
3. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,62 |
4. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,11 |
5. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,0058 |
6. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,15 |
7. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,23 |
8. | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,17 |
9. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,37 |
10. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,058 |
11. | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,85 |
12. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,32 |
13. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,36 |
14. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,41 |
15. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары | 1 машина-орын | 0,5 |
16. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,25 |
17. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,34 |
18. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
19. | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,65 |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
м2 - шаршы метр
м3 - текше метр