Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 25.11.2022 № 33-2 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Шыңғырлау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері бекітілсін.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Шағиров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ.Жазықбаев |
Мәслихат хатшысы | Г.Волкогон |
Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қазандағы № 16-4 шешіміне қосымша |
Шыңғырлау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері
п/п | Объект | Есеп айырысу бірлігі | Баға теңгемен 1 айға (ҚҚС жоқ) |
1. | Тұрмысқа жайлы иеліктегі үйлер | тұрғын/айына | 113,21 |
2. | Тұрмысқа жайлы емес иеліктегі үйлер | тұрғын/айына | 113,21 |
3. | Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінен | 1 м³ | 310,00 |
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
м³ - текше метр;
ҚҚС - қосылған құн салығы.