Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3)тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шыңғырлау аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Шыңғырлау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2017 жылғы 27 қазандағы №16-4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4953 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | С. Казиев |
Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы №33-2 шешіміне қосымша |
Шыңғырлау ауданы халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
п/п | Атауы | Есеп бірлік | Теңге (Қосылған құн салығынсыз) |
1. | Тұрмысқа жайлы иеліктегі үйлер | 1 тұрғын айына | 226.34 |
2. | Тұрмысқа жайлы емес иеліктегі үйлер | 1 тұрғын айына | 226.34 |
3. | Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф | 1 м³ | 2469.2 |
Аббревиатураның ажыратып жазылуы: м³ - текше метр;