"Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 1-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қаңтарда № 16276 болып тіркелді

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелді, 2016 жылғы 11 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. "Есепті кезеңдегі республикалық бюджеттің атқарылуын талдау" деген бөлімде мыналар:

      1) республикалық бюджеттің түсімдері мен кірістерінің атқарылуын талдау, соның ішінде:

      республикалық бюджеттің кірісіне түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің толықтығы;

      орындалмауына ықпал еткен себептер, соның ішінде елдің дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін және әлемдік тауар нарығындағы жағдайды көрсете отырып, жоспарлы көрсеткіштері орындалмаған салықтар, алымдар және міндетті төлемдер;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түскен салықтық түсімдер көлемдері.

      2) есепті кезеңдегі республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуын талдау, соның ішінде:

      республикалық бюджет туралы тиісті заңның бекітілген көрсеткіштерімен салыстырғанда, ауытқу себептері;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджеттің атқарылуы;

      жергілікті атқарушы органдардың нысаналы трансферттер мен кредиттерді атқаруы осы Стандартқа 1-4-қосымшаларға сәйкес республикалық бюджетке түсетін түсімдер, салықтық алымдар және себептерін көрсете отырып, жоспарлы көрсеткіштері орындалмаған міндетті төлемдер туралы, республикалық бюджет шығыстарының атқарылуы және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің республикалық бюджет қаражатын пайдалануы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.

      16. "Есепті кезеңдегі сыртқы мемлекеттік аудит органдарының мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының негізгі нәтижелері" деген бөлімде мыналар көрсетіледі:

      1) Есеп комитеті бойынша:

      осы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда Есеп комитетінің есепті кезеңдегі қызметінің түйінді көрсеткіштері;

      мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары, соның ішінде:

      есепті кезеңде жүргізілген мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының саны, тексерілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің саны;

      мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі;

      республикалық бюджет қаражатының жұмсалуы және республикалық бюджетке түсетін түсімдер кезіндегі бұзушылықтар сомасы;

      Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің барлық анықталған бұзушылықтары (қаржылық бұзушылықтар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің бұзушылықтары, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, мемлекет активтері, тиімсіз жоспарлау);

      әрбір іс-шара бөлінісінде есепті кезеңдегі мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының негізгі қорытындылары;

      орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың (болған жағдайда) іске асырылуын, соның ішінде орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттарға, міндеттерге, индикаторларға және көрсеткіштерге қол жеткізу тиімділігін, сондай-ақ бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды іске асыру кезінде рәсімдердің сақталуын бағалау нәтижелері;

      мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданған шаралар, соның ішінде:

      есепті кезеңде қалпына келтіруге жататын және қалпына келтірілген сомалар;

      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша құқық қорғау органдарына жіберілген мемлекеттік аудит материалдарының саны, жауаптылыққа (әкімшілік, тәртіптік, қылмыстық) тартылған лауазымды адамдардың саны туралы ақпаратты көрсете отырып, мемлекеттік аудиттің нәтижелері;

      Есеп комитеті ұсынымдарының және нұсқамаларының (тапсырмаларының) орындалуы;

      2) тексеру комиссиялары бойынша:

      тексеру комиссияларының есепті кезеңдегі және алдыңғы жылдың ұқсас кезеңіндегі мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары мыналар:

      мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі;

      жүргізілген мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары;

      қамтылған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің саны;

      Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің барлық анықталған бұзушылықтары (қаржылық бұзушылықтар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің бұзушылықтары, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, мемлекет активтері, тиімсіз жоспарлау);

      есепті кезеңде қалпына келтіруге (өтеуге) жататын және қалпына келтірілген (өтелген) сомалар;

      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша құқық қорғау органдарына жіберілген мемлекеттік аудит материалдарының саны, жауаптылыққа (әкімшілік, тәртіптік, қылмыстық) тартылған лауазымды адамдардың саны туралы ақпаратты көрсете отырып, мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша қабылданған шаралар;

      мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар мен нұсқамалардың (тапсырмалардың) орындалуы;

      бір мемлекеттік аудиторға шаққанда тексеру комиссиялары қызметі тиімділігінің көрсеткіштері көрсетіле отырып, осы Стандартқа 6-10-қосымшаларға сәйкес мемлекетік аудитпен қамтылған объектілер саны және қаражат көлемі, тексеру комиссиялары анықтаған бұзушылықтар көлемі, аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша қалпына келтірілген және қалпына келтіруге жататын сомалардың көлемі, аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша ұсынымдар (ұсыныстар) мен тапсырмалардың орындалуы туралы ақпаратты қамтиды.";

      18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. "Сыртқы мемлекеттік аудит органдарының қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы ақпарат" деген бөлімде:

      әдіснамалық және құқықтық қызметтің (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында әзірленген әдіснамалық құжаттар және нормативтік құқықтық актілер бойынша);

      халықаралық ынтымақтастық саласындағы қызметтің;

      Есеп комитетінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының;

      Есеп комитетінің, басқа да мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың қорытындылары туралы ақпарат көрсетіледі.

      19. "Қорытынды" деген бөлімде есепті кезеңде сыртқы мемлекеттік аудит органдарының мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелеріне негізделген және республикалық бюджетті атқарудың, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асырудың тиімділігін арттыруға, қаржы тәртібін нығайтуға бағытталған Есеп комитетінің тұжырымдары мен ұсынымдары көрсетіледі.

      20. Ақпарат мыналардан:

      1) титулдық парақтан;

      2) мазмұнынан;

      3) негізгі мәтіннен тұрады.

      Қажет болған жағдайда, ақпаратқа қосымша мәліметтер қоса беріледі.

      Ақпараттардың жалпы көлемі жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының санына, сондай-ақ талдаудың күрделілігі мен мазмұндылығына сүйене отырып айқындалады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.";

      26-тармақ алып тасталсын;

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Парламентке ақпарат тоқсан сайынғы негізде ұсынылады және нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштері көрсетіле отырып, Есеп комитетінің есепті кезеңдегі жұмысын сипаттайтын деректерді қамтиды және мынадай бөлімдерден тұрады:

      I. Кіріспе;

      II. Есепті кезеңдегі республикалық бюджеттің атқарылуын талдау;

      ІІІ. Есеп комитетінің мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының негізгі нәтижелері;

      ІV. Қорытынды.";

      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:

      "35-1. "Есепті кезеңдегі республикалық бюджеттің атқарылуын талдау" деген бөлімде мыналар:

      1) республикалық бюджеттің түсімдері мен кірістерінің атқарылуын талдау, соның ішінде:

      республикалық бюджеттің кірісіне түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің толықтығы;

      орындалмауына ықпал еткен себептер, соның ішінде елдің дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін және әлемдік тауар нарығындағы жағдайды көрсете отырып, жоспарлы көрсеткіштері орындалмаған салықтар, алымдар және міндетті төлемдер;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түскен салықтық түсімдер көлемдері;

      2) есепті кезеңдегі республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуын талдау, соның ішінде:

      республикалық бюджет туралы тиісті заңның бекітілген көрсеткіштерімен салыстырғанда, ауытқу себептері;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджеттің атқарылуы;

      жергілікті атқарушы органдардың нысаналы трансферттер мен кредиттерді атқаруы республикалық бюджетке түсетін түсімдер, салықтық алымдар және себептерін көрсете отырып, жоспарлы көрсеткіштері орындалмаған міндетті төлемдер туралы, республикалық бюджет шығыстарының атқарылуы және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің республикалық бюджет қаражатын пайдалануы туралы талдамалық ақпарат қамтылады.";

      37-тармақ алып тасталсын;

      38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. "Қорытынды" деген бөлімде есепті кезеңде мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелеріне негізделген, республикалық бюджетті атқарудың, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асырудың тиімділігін арттыруға, қаржы тәртібін нығайтуға бағытталған Есеп комитетінің тұжырымдары мен ұсынымдары көрсетіледі.

      39. Ақпарат мыналардан:

      1) титулдық парақтан;

      2) мазмұнынан;

      3) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қорытындыларынан тұрады.

      Қажет болған жағдайда, ақпаратқа қосымша мәліметтер қоса беріледі.

      Ақпараттардың жалпы көлемі жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының санына, сондай-ақ талдаудың күрделілігі мен мазмұндылығына сүйене отырып айқындалады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.";

      47-тармақ алып тасталсын;

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. "Есепті кезеңдегі тиісті бюджеттің атқарылуын талдау" деген бөлімде мыналар:

      1) бюджеттің түсімдері мен кірістерінің атқарылуын талдау, соның ішінде:

      бюджеттің кірісіне түсетін салықтық, салықтық емес және басқа да түсімдердің толықтығы;

      орындалмауына ықпал еткен себептерді, соның ішінде өңірдің дамуының негізгі көрсеткіштерін көрсете отырып, жоспарлы көрсеткіштері орындалмаған салықтар, алымдар және міндетті төлемдер;

      2) есепті кезеңдегі бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуын талдау, соның ішінде:

      бюджеттің тиісті деңгейі туралы мәслихат шешімінің бекітілген көрсеткіштерімен салыстырғанда, ауытқу себептері;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджеттің атқарылуы;

      жергілікті атқарушы органдардың нысаналы трансферттер мен кредиттерді атқаруы осы Стандартқа 2-4, 11-қосымшаларға сәйкес бюджет түсімдері, жоспарлы көрсеткіштері орындалмаған салықтық алымдар және міндетті төлемдер, бюджет шығыстарының атқарылуы және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын пайдалануы туралы ақпарат қамтылады.";

      55-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары, соның ішінде:

      есепті кезеңде жүргізілген мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының саны, тексерілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің саны;

      мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі;

      тиісті бюджет қаражатының жұмсалуы және бюджетке түсетін түсімдер кезіндегі бұзушылықтар сомасы;

      Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің барлық анықталған бұзушылықтары (қаржылық бұзушылықтар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің бұзушылықтары, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, мемлекет активтері, тиімсіз жоспарлау);

      әрбір іс-шара бөлінісінде есепті тоқсандағы мемлекетік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының негізгі қорытындылары;

      бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын бағалау нәтижелері (болған кезде);

      мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша қабылданған шаралар, соның ішінде:

      мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша нұсқамаларды жіберу;

      есепті кезеңде қалпына келтіруге (өтеуге) жататын және қалпына келтірілген (өтелген) сомалар;

      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша құқық қорғау органдарына жіберілген мемлекеттік аудит материалдарының саны, жауаптылыққа (әкімшілік, тәртіптік, қылмыстық) тартылған лауазымды адамдардың саны туралы ақпаратты көрсете отырып, мемлекеттік аудиттің нәтижелері;

      тексеру комиссиясы ұсынымдары мен нұсқамаларының (тапсырмаларының) орындалуы көрсетіледі.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. "Тексеру комиссиясының қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы ақпарат" деген бөлімде:

      талдамалық қызметтің (дайындалған талдамалық баяндамалар бойынша);

      әдіснамалық және құқықтық қызметтің (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында әзірленген әдіснамалық құжаттар және нормативтік құқықтық актілер бойынша);

      бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыстың;

      тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының;

      тексеру комиссиясы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың қорытындылары туралы ақпарат көрсетіледі.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Ақпарат мыналардан:

      1) титулдық парақтан;

      2) мазмұнынан;

      3) негізгі мәтіннен тұрады.

      Қажет болған жағдайда, ақпаратқа қосымша мәліметтер қоса беріледі.

      Ақпараттардың жалпы көлемі жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының санына, сондай-ақ талдаудың күрделілігі мен мазмұндылығына сүйене отырып айқындалады.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Ақпаратқа ілеспе хат мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады.";

      2-қосымша осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы нормативтік қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      11-қосымша осы нормативтік қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты осы нормативтік қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының өз жұмысы туралы ақпарат ұсынуы бойынша мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әрбір іс-шара бойынша мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау қызметінің нәтижелері туралы MS Word форматындағы түсіндірме жазба он баспа табақ парақтан аспайды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Есепті кезеңге Тексеру комиссиялары қызметінің негізгі қорытындылары туралы түсіндірме жазба осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысанда төмендегі талаптарға сәйкес ұсынылады:

      қаріп – Times New Roman, қажет болған жағдайда, Arial пайдаланылуы мүмкін;

      қаріптің мөлшері – 14;

      жоларалық интервал – 1,0, қажет болған жағдайда – 1,5 пайдаланылуы мүмкін;

      беттің жиектері: сол жағы, жоғарғы және төменгі жағы – 2,5 см., оң жағы – 1,5 см.;

      абзацтық шегініс – 1,27 см.;

      сөздер тасымалданбайды;

      беттерді нөмірлеу – жоғарғы жағының ортасында, бірінші бетте нөмір көрсетілмейді.";

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының өз жұмысы туралы ақпарат ұсынуы бойынша мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 1-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмір 7-1-жолмен толықтырылсын:

      "

7.1

Жүйелі кемшіліктер

Бірлік





      ";

      реттік нөмірі 11.1.4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11.1.4

жасалған және соттың қарауына жіберілген хаттамалар бойынша заңды күшіне енген соттың шешімімен салынған барлық айыппұлдар саны

мың теңге





      ";

      осы нормативтік қаулыға 6-қосымшаға 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрағасы
Н. Әбдібеков

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2018 жылғы 8 қаңтардағы
№ 1-НҚ нормативтік қаулысына
1-қосымша
  Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуын
ағымдағы бағалауды жүзеге
асыру бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
2-қосымша

_____ жылғы ____ тоқсанда (жартыжылдықта, 9 айда, жылы)
жоспарлы көрсеткіштері орындалмаған салықтар, алымдар және міндетті төлемдер

      мың теңге

Р/с №

Көрсеткіштер атауы

Жоспар

Іс жүзінде

Ауытқу

Атқарылу пайызбен

1

2

3

4

5

6

1.






2.






3.












ЖИЫНЫ





  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2018 жылғы 8 қаңтардағы
№ 1-НҚ нормативтік қаулысына
2-қосымша
  Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуын
ағымдағы бағалауды жүзеге
асыру бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың рәсімдік
стандартына 3-қосымша

_____ жылғы ____ тоқсанда (жартыжылдықта, 9 айда, жылы) __________ бюджет шығыстарының атқарылуы

      мың теңге

Көрсеткіштер атауы

Өткен жылдың есепті кезеңінде (іс жүзінде)

Бекітілген бюджет

Түзетiлген бюджет

_____ жылғы ____ тоқсан (жартыжылдық, 9 ай, жыл)

Есепті кезеңде іс жүзінде / өткен жылдың есепті кезеңінде іс жүзінде

жоспар

іс жүзінде

ауытқу

атқарылу пайызы

өсуі/ төмендеуі (6 бағ.-2 бағ.)

пайыз (6/2*100)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Шығыстар










Шығындар










Бюджеттік кредиттер










Қаржы активтерін сатып алу










Қарыздарды өтеу










  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2018 жылғы 8 қаңтардағы
№ 1-НҚ нормативтік қаулысына
3-қосымша
  Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуын
ағымдағы бағалауды жүзеге
асыру бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың рәсімдік
стандартына 4-қосымша

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің _____ жылғы ____ тоқсанда
(жартыжылдықта, 9 айда, жылы)______________ бюджет қаражатын пайдалануы
туралы ақпарат

      мың теңге

Атауы

Есепті қаржы жылына арналған бюджет (түзетiлген)

Есепті кезең

Жиыны: игерілмегені және атқарылмағаны

Игерілмеу пайызы

Жоспар

Кассалық атқару

игерілмегені және атқарылмағаны

бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша

1

2

4

5

6

7

8

Жиыны







Соның ішінде әкімшілер бойынша







1.







2.







3.








  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2018 жылғы 8 қаңтардағы
№ 1-НҚ нормативтік қаулысына
4-қосымша
  Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуын
ағымдағы бағалауды жүзеге
асыру бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың рәсімдік
стандартына 11-қосымша

_____ жылғы ____ тоқсанда (жартыжылдықта, 9 айда, жылы) облыстық бюджетке,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне, аудан (облыстық маңызы
бар қала) бюджетіне түскен түсімдер туралы ақпарат

Көрсеткіштер атауы

Өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі есеп

Есепті қаржы жылына бекітілген бюджет

Есепті қаржы жылына нақтыланған (түзетiлген) бюджет

Есепті кезең ___жылғы ____ тоқсан (жартыжылдық, 9 ай, жыл)

Нақтыланған (түзетiлген) бюджетке шаққанда атқар. пайызы

Өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі фактімен салыстырғанда есепті кезеңдегі факті

жоспар

іс жүзінде

(+,- )

орындалу пайызы

(+,- )

пайыз

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Түсімдер











Қарыздардың түсiмдері











Кірістер, соның ішінде











Салықтық түсімдер, соның ішінде:











Жеке табыс салығы











Әлеуметтік салық











Мүлік салығы











Жер салығы











Көлік құралы салығы











Акциздер











Табиғи ресурстарды пайдаланудан түсетін түсімдер











Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізу үшін алымдар











Өзге де салықтық түсімдер











Салықтық емес түсімдер











Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер











Трансферттер түсімдері











Жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттер











Субвенциялар











Бюджеттік кредиттерді өтеу











Қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер











  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2018 жылғы 8 қаңтардағы
№ 1-НҚ нормативтік қаулысына
5-қосымша
  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 науырыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
7-қосымша

901. Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру
бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Парламентіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жыл сайынғы есебіне (Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды) (бұдан әрі –жылдық есеп) қойылатын бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз етудің рәсімдік талаптарын қамтиды.

      2. Осы Стандарттың күші Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және мүшелеріне қолданылады.

      3. Стандарттың негізгі қағидаттарына мыналар жатады:

      1) сенімділік – Қазақстан Республикасының Парламентіне (бұдан әрі – Парламент) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) ұсынатын жылдық есебінің анықтығы және онда қателердің болмауы;

      2) толықтық және ашықтық – жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының көрсетілуі, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін баяндаудың анықтығы;

      3) уақтылық – анық ақпаратты жедел жинау, есеп пен ақпаратты белгіленген мерзімдерде дайындау және ұсыну;

      4) салыстырмалылық – түрлі кезеңдегі есептік ақпаратты салыстыру мүмкіндігі;

      5) жариялылық – құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның қамтамасыз етілуін ескере отырып, Парламентке жылдық есептің міндетті түрде жариялануы.

2. Қазақстан Республикасының Парламентіне жылдық есепті дайындау және ұсыну
1-параграф. Жылдық есепті қалыптастыру және ұсыну тәртібі.

      4. Жылдық есепті қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 125-бабының 2-тармағына, 127-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) жылдық есебі және Үкімет пен бюджетті атқару жөніндегі орталық мемлекеттік орган Есеп комитетіне ұсынатын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы тоқсан сайынғы есептері, сондай-ақ Есеп комитетінің мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері, Есеп комитетінің интеграцияланған ақпараттық жүйесі, Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерінің деректері, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері, Есеп комитетінің сұрауы бойынша ұсынылған жергілікті атқарушы органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпараты, әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы статистикалық деректер, елдің есепті кезеңдегі ақша-кредит саясатының, төлем балансының және сыртқы борышының көрсеткіштері және құқық қорғау органдарының деректері негіз болып табылады.

      5. Жылдық есепті дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру Есеп комитетінің Төрағасы бекіткен Есеп комитеті мүшелерінің арасындағы міндеттерді бөлуге сәйкес Есеп комитетінің мүшесіне жүктеледі.

      6. Жылдық есепті қалыптастыруды жоспарлау, талдау және есептілікке жауапты құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – Бөлім) жүзеге асырады.

      Есеп комитетінің мүшелері мен құрылымдық бөлімшелер жетекшілік ететін бағыттары бойынша жылдық есептің бөлімдерін (бөлімшелерін) әзірлеуге қатысады.

      7. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша қорытындылардың негізінде есепте көрсетілген тарихи мәліметтердің анықтығын және өзектілігін қамтамасыз етеді.

      8. Мемлекеттік тілді дамытуға жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік тілдегі жылдық есептің уақтылылығын және сапасын қамтамасыз етеді.

      9. Бөлім есепті кезең ішінде мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының аяқталуына қарай республикалық бюджеттің атқарылуына және мемлекет активтерінің пайдаланылуына бағалау жүргізу үшін Есеп комитетінің, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша талдамалық ақпарат қалыптастырады.

      Есеп комитеті, қажет болған жағдайда, тексеру комиссияларынан және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан мемлекеттік аудиттің тиісті материалдарын сұратады.

      10. Жылдық есепті қалыптастыру үшін көрсеткіштердің нысандары мен тізбелері тиісті қаржы жылындағы есептің ерекшелігіне қарай жыл сайын жасалады.

      11. Бөлім Есеп комитетінің мүшелеріне және жылдық есепті қалыптастыруға қатысатын құрылымдық бөлімшелерге есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебін:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінде ұсынған;

      Үкіметтің есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 сәуірінде ұсынған есебін жібереді.

      12. Бөлім Есеп комитетінің мүшелерімен және жылдық есепті қалыптастыруға қатысатын құрылымдық бөлімшелермен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 сәуіріне дейін жылдық есептің жобасын қалыптастырады және оны Есеп комитетінің Төрағасына қарауға және бір мезгілде мемлекеттік тілді дамытуға жауапты құрылымдық бөлімшеге жібереді.

      13. Жылдық есепті дайындауға және ұсынуға жауапты Есеп комитетінің мүшесі Бөліммен бірлесіп, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 5 мамырынан кешіктірмей, жылдық есептің және оны мақұлдау туралы Есеп комитеті қаулысының жобаларын Есеп комитетінің отырысына енгізеді.

      14. Бөлім есепті кезеңнен кейінгі жылдың 14 мамырынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Парламентіне ілеспе хат дайындайды және оны Есеп комитетінің Төрағасына қол қоюға ұсынады.

      15. Құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей, Есеп комитетінің қаулысымен бекітілген жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне, сондай-ақ ақпарат үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметке жібереді.

      16. Құпия режимде жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы ақпаратты жауапты орындаушылар қалыптастырады және Есеп комитетінің мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысын ұйымдастыруға жауапты Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жібереді.

      17. Жылдық есеп Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында бекітілгеннен кейін Бөлім жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісім бойынша он жұмыс күні ішінде жылдық есептің негізгі ережелерін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау және Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастыру үшін жібереді.

2-параграф. Жылдық есептің құрылымы мен мазмұны

      18. Қазақстан Республикасының Парламентіне жылдық есеп өзінің мазмұны бойынша Үкіметтің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытынды болып табылады және осы Стандартқа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті кезеңдегі республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытынды болып табылатын Есеп комитеті есебінің үлгілік құрылымы бойынша әзірленеді.

      19. "Республикалық бюджеттің атқарылуының макроэкономикалық жағдайлары" бөлімі мыналарды:

      1) республикалық бюджетті қалыптастыру үшін негіз болып табылатын Елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі параметрлерінің орындалуына;

      2) ағымдағы ахуалға және әлеуметтік-экономикалық дамудың анықталған проблемаларының бюджет параметрлеріне әсерін бағалауға жасалған талдауды қамтиды.

      20. "Республикалық бюджеттің атқарылуын бағалау" бөлімі мыналарды:

      1) бюджетке жүргізілген түзетулер санын көрсете отырып, тиісті үш жылдық кезеңге және есепті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның орындалуын, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкестігін бағалауды;

      2) республикалық бюджетке түсетін кірістер түсімінің болжамында көзделген көрсеткіштердің орындалуын ескере отырып, сондай-ақ есепті кезеңнің алдындағы жылмен салыстырғанда түсімдер сыныптамасы бойынша республикалық бюджеттің кірістерін қоса алғандағы республикалық бюджеттің негізгі параметрлерінің атқарылуы туралы ақпаратты;

      3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде бюджет қаражатының пайдаланылмау және республикалық бюджет қаражаты қалдықтарының қалыптасу себептерін көрсете отырып, негізгі функционалдық топтар бойынша бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуын бағалауды;

      4) кредиторлық және дебиторлық берешектердің жай-күйін, бюджеттік кредиттердің пайдаланылуын талдауды, қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығыстарды бағалауды;

      5) бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру көздері туралы ақпаратты;

      6) кедендік және салықтық әкімшілендірудің және жалпы алғанда, салық-бюджет саясатының тиімділігі туралы тұжырымдарды қамтиды.

      21. "Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің республикалық бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін бағалау" деген бөлімде:

      1) орталық мемлекеттік органдардың республикалық бюджет қаражатын пайдалануының және олардың қызметінің (әрбір мемлекеттік органның бөлінісінде) тиімділігін бағалау, соның ішінде:

      бюджет қаражатын пайдалану кезінде мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары анықтаған бұзушылықтарды талдау;

      орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу тиімділігін бағалау;

      орталық мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылындағы республикалық бюджетті атқаруын бағалау;

      аудиторлық және сараптамалық-талдау қызметінің нәтижелері бойынша анықталған Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы мен бюджеттік бағдарламалардың нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі есеп деректеріндегі алшақтықтар (болған жағдайда);

      2) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің республикалық бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануының тиімділігін бағалау, соның ішінде:

      республикалық бюджет қаражатын пайдалану және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару кезінде мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды талдау;

      қаржы-шаруашылық қызметті және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен түскен түсімдерді талдау;

      3) өңірлерде республикалық бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін бағалау, соның ішінде:

      өңірлердің дамуын талдау (бюджеттік қамтамасыз етілу, бөлінетін трансферттердің тиімділігі)

      өңірлер бөлінісінде мемлекеттік аудит пен сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды талдау көрсетіледі.

      22. "Тұжырымдар мен ұсынымдар" бөлімі республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезінде анықталған проблемалар сипатталған және жүйелендірілген, соның ішінде мыналарға:

      есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына (республикалық бюджеттің ақша және материалдық қаражатын басқарудың заңдылығы, дұрыстығы, тиімділігі мен үнемділігі туралы) сәйкестігіне;

      жасалған операциялар бойынша жылдық есепте көрсетілген ақпараттың анықтығы мен толықтығына және бұзушылықтардың бар-жоғына;

      республикалық бюджеттің атқарылу, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу тиімділігін арттыруға;

      қаржы тәртібін нығайту жөніндегі шараларға;

      23. Жылдық есепке қосымшаларға, қажет болған жағдайда Есеп комитетінің, тексеру комиссияларының және ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның қызметінің негізгі қорытындылары енгізіледі.

      республикалық бюджет қаражатын ұтымды және тиімді пайдалануға бағытталған, мемлекеттік секторда қаржылық қызметтің басқарылуын жетілдіру тетіктеріне қатысты тұжырымдарды қамтиды.

      24. Жылдық есептің құрылымы, мазмұны және көлемі есепті кезеңде өзекті және маңызды мәселелердің бар-жоғына, есепті кезеңдегі мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелеріне, сондай-ақ қалыптастырылатын ақпараттың ерекшелігіне қарай нақтыланады немесе ұлғайтылады.

3-параграф. Жылдық есепті ұсыну нысаны

      25. Жылдық есеп мыналардан:

      титулдық парақтан;

      мазмұнынан;

      негізгі мәтіннен;

      қосымшалардан тұрады.

      26. Титулдық парақта жылдық есептің атауы, сондай-ақ оны дайындауға және ұсынуға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

      27. Жылдық есепте барлық сомалар миллиард немесе миллион теңгеде көрсетіледі.

      28. Жылдық есебінің мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:

      қаріп – Times New Roman;

      қаріптің мөлшері – 14, кестелік материалдарда – 8-12.

      29. Жылдық есеп мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.

4-параграф. Қазақстан Республикасының Парламентінде жылдық есепті талқылау тәртібі

      30. Жылдық есепті Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде және Сенатында таныстыруды Есеп комитетінің Төрағасы жүзеге асырады.

      31. Жылдық есепті дайындауға және ұсынуға жауапты Есеп комитетінің мүшесі Есеп комитетінің аппаратымен бірлесіп, Есеп комитеті Төрағасының Парламентте сөйлейтін сөзінің тиісті жобаларын, оның таныстырылымы үшін қажетті слайдтар мен басқа да материалдарды қалыптастырады.

      32. Бюджет кодексінің 128-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде Парламент Есеп комитеті Төрағасының баяндамасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында, сондай-ақ Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында тыңдайды.

      33. Жылдық есепті бейінді комитеттерде қарау кезінде Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының жұмыс топтары отырыстарының кестесіне сәйкес, олардың жұмысына мемлекеттік аудит учаскелерінің бөлінуі негізінде Есеп комитетінің мүшелері қатысады.

      34. Жылдық есепке депутаттық сауалдар туындаған жағдайда, Есеп комитетінің мүшелері мемлекеттік аудит учаскелерінің бөлінуіне сәйкес тиісті ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын кейіннен бағалауды
жүзеге асыру бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің
және қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ___ жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы
туралы есебіне қорытынды болып табылатын
Есеп комитеті есебінің үлгілік құрылымы

      КІРІСПЕ

      I БӨЛІМ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

      ІI БӨЛІМ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҒАЛАУ

      2.1. Есепті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның орындалуын бағалау

      2.2. Республикалық бюджеттің негізгі параметрлерінің атқарылуын бағалау

      IІI БӨЛІМ. ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ, КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

      3.1. Орталық мемлекеттік органдардың республикалық бюджет қаражатын пайдалануының және қызметінің тиімділігін бағалау

      3.2. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің республикалық бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін бағалау

      3.3. Өңірлерде (облыстарда) республикалық бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін бағалау

      IV БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІК

      4.1. Тұжырымдар

      4.2. Ұсынымдар

      ЕСЕПКЕ ҚОСЫМШАЛАР

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2018 жылғы 8 қаңтардағы
№ 1-НҚ нормативтік қаулысына
6-қосымша
  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетіне облыстардың,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың тексеру
комиссияларының өз жұмысы
туралы ақпарат ұсынуы
бойынша мемлекеттік
аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік
стандартына 4-қосымша
  нысан

_____жылғы _____ есепті кезеңге
________________________________________________________ облыстар,
республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша тексеру комиссиясы қызметінің
негізгі қорытындылары туралы түсіндірме жазба

      1. Мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының негізгі қорытындылары

      1.1 Есепті кезеңге (1-тоқсанда, 1-жартыжылдықта, 9 айда, жылы) аудиторлық қызметтің түйінді көрсеткіштерін жалпы талдау

      жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының саны;

      бақылау объектілерінің саны;

      мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі;

      Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің барлық анықталған бұзушылықтары (қаржылық бұзушылықтар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің бұзушылықтары, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, мемлекет активтері, тиімсіз жоспарлау);

      есепті кезеңде қалпына келтіруге (өтеуге) жататын және қалпына келтірілген (өтелген) сомалар;

      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша құқық қорғау органдарына жіберілген мемлекеттік аудит материалдарының саны, жауаптылыққа (әкімшілік, тәртіптік, қылмыстық) тартылған лауазымды адамдардың саны туралы ақпаратты көрсете отырып, мемлекеттік аудиттің нәтижелері;

      Есеп комитеті ұсынымдарының және нұсқамаларының (тапсырмаларының) орындалуы.

      1.2 Есепті кезеңге аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін талдау

      жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының саны;

      мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі және әрбір аудиторлық іс-шара бойынша анықталған бұзушылықтар (олардың туындау себептерін көрсете отырып, негізгі бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктердің қысқаша сипаттамасы);

      мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша берілген тұжырымдар және ұсынымдар (бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша жүйелі ұсыныстар).

      2. Тексеру комиссияларының қызметін жетілдіру бойынша жұмыс қорытындылары

      талдамалық қызмет;

      құқықтық қызмет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады