Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарымен жүзеге асыру, сондай-ақ санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 120 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 20 ақпандағы № 64 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16530 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 402-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 13.01.2023 № 25 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.01.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарымен жүзеге асыру, сондай-ақ санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту қағидалары бекітілсін.

      2. "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-каратиндік бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 213 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 247 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10915 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
___________ Л. Ақтаева
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________ Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 20 ақпандағы № 64
және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 5 ақпандағы № 120
бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу
пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды адамдарымен жүзеге асыру, сондай-ақ санитариялық-карантиндік
бақылауды жүргізу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарымен жүзеге асыру, сондай-ақ санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 402-бабы 8-тармағына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарымен жүзеге асыру, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын басқа мемлекеттерден инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуінің нақты қатері туындаған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 13.01.2023 № 25 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.01.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Осы Қағида шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын, адамға қауіп төндіретін тауарлар, химиялық, биологиялық және радиоактивті заттар, қалдықтар және өзге де жүктер, ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тамақ өнімдері, материалдар және бұйымдар бақылаудағы тауарлар (жүктер) деп түсініледі.

2-тарау. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль
өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер
органдары лауазымды адамдарымен жүзеге асыру тәртібі

      3. ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары ЕАЭО-ның кедендік аумағында және "Еуразиялық экономикалық одақта санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімінде (бұдан әрі – КОК шешімі) бекітілген, ЕАЭО-ның кедендік аумағында және ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы өткізілетін бақылаудағы (тауарлар), ЕАЭО-ның кедендік шекарасын кесіп өтетін тұлғалар мен көлік құралдарына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге 1-қосымшаға сәйкес ЕАЭО-ның кедендік шекарасындағы автомобиль (автожол), теміржол, өзен, теңіз өткізу пункттерінде және әуежайлардағы (әуе өткізу пункттерінде) өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылысжайларды техникалық жарақтандыру мен жабдықтауға қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес келетін жағдайларда жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде, өз қызметінде КОК шешімдерін, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) басшылыққа алады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 13.01.2023 № 25 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.01.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамдары көлік құралдарына, бақылауға жататын тауарларға (жүктерге), сондай-ақ олардың ЕАЭО-ның кедендік аумағына (аумағынан) келуі (кетуі) бойынша тұлғаға қатысты санитариялық-карантиндік бақылау жүргізу шеңберінде:

      1) ЕАЭО-ның кедендік шекарасын кесіп өтетін көлік құралдарында ауруға күдікті тұлғаның болуына көзбен қарап тексеруді, автокөлік жүргізушісімен сауалнама жүргізуді;

      2) көлік құралдарын, оның ішінде инфекцияны тасушылар мен инфекцияны жұқтырғыштардың бар болуына (жәндіктер, тірі және өлген кеміргіштердің немесе олардың болуының ізі) санитариялық тексеріп қарауды;

      3) автомобиль өткізу пункті басшысының шешімі бойынша инфекцияны жұқтырғыштар мен тасушылары бар болған жағдайда (жәндіктер, тірі және өлген кеміргіштердің немесе олардың болуының ізі) көлік құралдарын санитариялық тұраққа жеткізуді;

      4) эпидемиологиялық көрсеткіштері бар кезінде (жәндіктер, кеміргіштердің немесе олардың болуының ізі) дезинфекциялық, дезинсекциялық және (немесе) дератизациялық іс-шаралардың жүргізуін ұйымдастыруды;

      5) мына:

      КОК шешімімен бекітілген, ЕАЭО-ның кедендік аумағында және кедендік шекарасында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдердің (тауарлардің) бірыңғай тізбесіне енгізілген;

      КОК шешімімен бекітілген мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерге (тауарларға) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық бірыңғай талаптарға сәйкес келетін өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттарды тексеруді;

      6) Денсаулық туралы кодекстің 38-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен әкелуге тиым салынған өнімдерге қатысты санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу және бақылау нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ұсынуды;

      7) ЕАЭО-ның кедендік шекарасын кесіп өтетін жеке тұлғаларға қатысты дене қызуын қашықтықтан өлшеуге арналған жабдықтың көмегімен санитариялық-карантиндік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 13.01.2023 № 25 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.01.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

3-тарау. Санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік
органның аумақтық бөлімшелерін тарту тәртібі

      6. Әкелудің нақты қауіпті туындаған жағдайларда:

      ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын басқа мемлекеттерден адам денсаулығына ықтимал қауіпті заттар мен өнімдерді мемлекеттік кірістер органы санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің мамандарын тарту туралы тез арада хабардар ету жолдайды;

      ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын басқа мемлекеттерден инфекциялық және паразиттік ауруларды, санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында мемлекеттік кірістер органы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің мамандарын тартады және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес Технологиялық схемаға сәйкес бірлесіп әрекеттерді жүзеге асырады.

      7. Бұл ретте инфекциялық және жаппай инфекциялық емес ауруларды (уланудың) әкелудің және таратылуының, адам денсаулығына ықтимал қауіпті өнімдерді әкелудің алдын алу мақсатында мемлекеттік кірістер органы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды тиісті іс-шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хабардар етеді.

      8. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау және тиісті санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында:

      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:

      ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері тұрған аудандарда және шекаралас аумақтарда, сондай-ақ адамдардың инфекциялық аурулары пайда болған ошақтары туралы, шекаралас аумақтарда сол немесе өзге өнімдердің ластанғаны немесе инфекцияланғаны туралы ақпаратты алған кезде қабылдануы қажет шаралар туралы, сондай-ақ эпидемиологиялық қауіптің жойылғаны туралы мемлекеттік кірістер органдарына уақтылы хабарлайды;

      Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысының қолданысын тоқтату немесе күшін жою туралы уақтылы ақпараттандырады;

      2) мемлекеттік кірістер органы:

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайын ЕАЭО-ның кедендік аумағында санитариялық күзет бойынша іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсынады;

      КОК шешіміне 4-қосымшаға сәйкес санитариялық-карантиндік бақылау бойынша есепке алу құжаттамасын жүргізеді;

      осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес Технологиялық схемаға сәйкес ауру адам немесе аумақты санитариялық қорғау бойынша іс-шараларды жүргізуді талап ететін ауруға күдікті адамдар анықталған жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен жедел өзара іс-қимыл жасайды;

      санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру бойынша жылына екі рет аумақтық мемлекеттік кірістер органы мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық мемлекеттік органының бірлескен іс-шараларын жүргізуді ұйымдастырады (жаттығу оқулары, сабақтар, нұсқамалар);

      санитариялық эпидемиологияға іс-шараларды жүргізу үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган мамандарының автомобиль өткізу пункттеріне кіруін ұйымдастырады.

  Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік шекарасы
арқылы автомобиль өткізу
пункттерінде санитариялық-
карантиндік бақылауды
мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды адамдарымен жүзеге
асыру, сондай-ақ санитариялық-
карантиндік бақылауды жүргізу
мақсатында халықтың
санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік органның аумақтық
бөлімшелерін тарту
қағидаларына
1-қосымша

Технологиялық схема

      1. Еуразиялық экономикалық одағының (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының ауру адамды немесе инфекциялық және паразитарлық аурумен ауырады деп күдік тудырған адамды анықтаған кездегі әрекеті:

      1) ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пунктінің басшысын ЕАЭО-ның кедендік аумағына келген адамдардың аурумен ауыратынына күдігі туралы (қолда бар байланыс құралын пайдаланып) хабардар етеді;

      2) хабарлау схемасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін санитариялық күзет бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізуді талап ететін аурулардың жағдайлары туралы тез арада хабардар етеді;

      3) ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункті басшысының шешімі бойынша көлік құралын санитариялық алаңға орналастыруды ұйымдастырады;

      4) шекаралық және кедендік бақылау жүргізуді тоқтата тұрады;

      5) эпидемиологияға қарсы іс-шараларды жүргізу аяқталғанға дейін көлік құралының және ондағы адамдардың күзетін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      6) ауру адамды немесе инфекциялық (паразитарлық) аурумен ауырады деп күдік тудырған адамды анықтау орны бойынша немесе одан әрі диагностикалық және медициналық көмек көрсетумен айналысатын мекемеге (ұйымға) ауру диагнозын жою үшін қажетті мерзімге, ал ол расталған кезде – олар толық емделгенге дейін емдеуге жатқызуды ұйымдастырумен уақытша оқшаулауға арналған үй-жайға дереу уақытша оқшаулау;

      7) эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына шұғыл жеке алдын алуды жүргізеді;

      8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің және медициналық мекемелерінің лауазымды тұлғаларына шұғыл хабарлауды және шақыртуды ұйымдастырады;

      9) шетел азаматтары емделуге жатқызудан бас тартқан жағдайда одан кейінгі шаралар денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      10) ЕАЭО-ның кедендік шекарасын кесіп өтетін көлік құралындағы адамда ауру анықталған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы басқа елдің транзитпен өтетін адамдарының (науқас және олармен байланыста болған адамдардың) кіруіне тыйым салу туралы шешім қабылдайды;

      11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласында бұзушылықтар анықталған кезде, сондай-ақ инфекциялық аурулардың және жаппай инфекциялық емес аурулардың (уланулардың) нақты туындау және таралу қаупі кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне дереу хабарлайды.

      2. Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының ЕАЭО-ның кедендік шекарасындағы өткізу пунктіне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес іс-шаралар жүргізуді талап ететін аурудан қайтыс болған адаммен көлік құралы келген кездегі әрекеті:

      аумақтың санитариялық күзет бойынша іс-шаралар жүргізуді талап ететін аурулардың оқиғалары туралы жариялау схемасын және санитариялық-эпидемиологияға қарсы іс-шаралардың жедел жоспарын қолданады;

      осы Технологиялық схеманың 1-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүргізеді.

      3. ЕАЭО-ның кедендік шекарасын арқылы автомобиль өткізу пункттерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық мемлекеттік орган бөлімшелерінің лауазымды адамдарының әрекеті:

      1) аурудың эпидемиялық ошағы туындауының себептері мен жағдайларын белгілеу, сондай-ақ науқаспен байланыста болған және (немесе) ауруға (залалдану) күдігі бар адамдарды анықтау мақсатымен эпидемиологиялық тергеу жүргізеді;

      2) келу немесе оқшаулау сәтінен бастап аурудың инкубациялық кезеңі ішінде жолаушыларды, көлік құралының жүргізушілерін, өткізу пункттерінің лауазымды тұлғаларын қоса алғанда, науқаспен байланыста болған адамдарға медициналық қадағалауды анықтайды, оқшаулайды және (немесе) ұйымдастырады. Оқшаулау және қадағалау диагнозды алған жағдайда жойылуы мүмкін;

      3) науқаспен байланыста болған адамдарды кейіннен көлік құралынан уақытша изоляторға эвакуациялау үшін сауалнама жүргізеді;

      4) зертханалық зерттеулер жүргізу үшін науқастардан немесе (ауруға күдігі бар) адамдардан және науқастармен (көрсеткіштер бойынша) байланыста болған адамдардан биологиялық материалдарды алуды ұйымдастырады;

      5) өлген кеміргіштер анықталған кезде зерттеу үшін зертханаға іріктеуді және жеткізуді жүргізеді.

  Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік шекарасы
арқылы автомобиль өткізу
пункттерінде санитариялық-
карантиндік бақылауды
мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды адамдарымен жүзеге
асыру, сондай-ақ санитариялық-
карантиндік бақылауды жүргізу
мақсатында халықтың
санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік органның аумақтық
бөлімшелерін тарту
қағидаларына
2-қосымша

Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағында санитариялық
күзеті бойынша іс-шаралар туралы мәліметтер



Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына келу

Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағынан шығу


автомобиль көлігі

автомобиль көлігі


жолаушы

жүк

жолаушы

жүк

1

2

3

4

5

6

Санитариялық-карантиндық бекеттердің (СКБ) саны

1



көлік құралдарын тексеріп қарау, бірлігі

2





оның ішінде, аурулар бойынша салауатты елдерден келген көлік құралдарының саны

2.1





оларды кіргізуі тоқтатылған (уақытша тыим салыңған) көлік құралдарының саны

2.2





оның ішінде, аурулар болуына байланысты және/немесе инфекциялық ауруларға күдік бар адамдар

2.3





Инфекциялық аурулар белгілерінің барына тексеріп қараудан өткен адамдардың саны, адам

3





оның ішінде, науқас және /немесе инфекциялық ауруларға күдігі бар анықталған адамдардың саны, адам

3.1





оның ішінде, ауруханаға жатқызылғандар

3.2





Бақылауға жататын тауарлар партиялары тексеріп қаралды – барлығы, бірлігі

4





оның ішінде, қауіпті жүктер

4.1





тамақ өнімдер және азық-түлік шикізаты көлемі, тонн

4.2





өзге

4,3





Жүктерді әкелуі тоқтатылған, (тиым салыңған)
- барлығы: көлемі, тонн

5





партия саны, бірлігі

5.1





оның ішінде, қауіпті жүктер: көлемі, тонн

5.2





партия саны, бірлігі

5.2.1





оның ішінде, құжаттамалары жоқ (сәйкес емес)

5.2.2





тасымалдау шарты бұзылғаны үшін

5.2.3





тамақ өнімдер және азық-түлік шикізаты көлемі, тонн

5.3





партия саны, бірлігі

5.3.1





оның ішінде, құжаттамалары жоқ (сәйкес емес)

5.3.2





тасымалдау шарты бұзылғаны үшін

5.3.3





өзге, көлемі, тонн

5.4





партия саны, бірлігі

5.4.1





оның ішінде, құжаттамалары жоқ (сәйкес емес)

5.4.2





тасымалдау шарты бұзылғаны үшін

5.4.3






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады