"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарымен жүзеге асыру, сондай-ақ санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 120 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 ақпандағы № 64 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 25 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 10 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 қаңтарда № 31733 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарымен жүзеге асыру, сондай-ақ санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 120 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 ақпандағы № 64 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 16530 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 402-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының жүзеге асыру, сондай-ақ санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарымен жүзеге асыру, сондай-ақ санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 402-бабы 8-тармағына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарымен жүзеге асыру, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын басқа мемлекеттерден инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуінің нақты қатері туындаған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде, өз қызметінде КОК шешімдерін, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) басшылыққа алады.";

      5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Денсаулық туралы кодекстің 38-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен әкелуге тиым салынған өнімдерге қатысты санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу және бақылау нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ұсынуды;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
__________А. Ғиният
     
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
__________Д. Кеңбеил

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады