"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 402-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Радиациялық бақылауды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 360 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7125 болып тіркелген);
2) "Радиациялық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 360 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 276 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15296 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбек күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
_____________ Е.Біртанов
2018 жылғы 23 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
___________ Қ. Бозымбаев
2018 жылғы 19 ақпан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген |
Радиациялық бақылауды жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.09.2020 № 809 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Радиациялық бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 402-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарының радиациялық бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) иондандырушы сәулелену көздері – радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аппараттар немесе құрылғылар, сондай-ақ иондандырушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғылар;
2) мөлшердің қуаты – уақыт бірлігі (секунд, минут, сағат) аралығында сәулелену мөлшері;
3) қаптама - радиациялық қауіптілік белгілері бар тасымалдауға ұсынылған, оның радиоактивтік құрамы бар қаптамалық жиынтығы;
4) радиациялық авария – атом энергиясын қолдану объектісін қауіпсіз пайдалану шегінің бұзылып, бұл орайда адамдардың немесе қоршаған ортаның белгіленген нормалардан жоғары радиоактивті ластануына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан радиоактивті өнімдердің және/немесе иондаушы сәулелендірудің қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуі;
5) радиациялық бақылау – Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың және/немесе көлік құралдарының иондаушы сәуле шығару деңгейін тексеру және халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оны табиғи ортамен салыстыру;
6) радиоактивті заттар (бұдан әрі – РЗ) – құрамында радионуклидтері бар, кез келген агрегаттық жағдайдағы, табиғи немесе техногендік тегі кез келген материалдар;
7) уәкілетті лауазымды тұлға – радиациялық бақылауды жүзеге асыру бойынша оқудан өткен және медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы.
3. Тауарлар мен көлік құралдарын радиациялық бақылау – ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері мен өзге де орындарда өткізілетін кедендік бақылау түрлерінің бірі бола тұрып, ЕАЭО құқығына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кедендік аумағында халықтың радиациялық қауіпсіздігін, ядролық қару мен ядролық материалдарды таратпау халықаралық режимін сақтау, радиоактивтік заттар, гамма-сәулеленудің эквиваленттік мөлшердің қуатының, нейтрон, альфа-, бета- сәулеленудің ағымы тығыздығының (бұдан әрі – иондаушы сәулелену) жоғары деңгейі бар тауарлар мен көлік құралдарын ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы тасымалдау кезінде Кодекс талаптарының бұзылуын болдырмау мақсатында жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік кірістер органдары радиациялық бақылауды жүргізу үшін мемлекеттік кірістер органдарының жергілікті қызмет аймағына бейімделген РЗ радиациялық бақылаудың стационарлық және жылжымалы жүйелерін пайдаланады.
Радиациялық бақылауды жүргізу барысында Кодексінің 428-бабына сәйкес кедендік бақылаудың техникалық құралдары пайдаланылуы мүмкін.
2-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарына радиациялық бақылауды жүргізу тәртібі
5. "Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының жіне Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің тауар позицияларына кіретін тауарлар:
2612 – урандық немесе торийлік кендер мен концентраттар;
2844 – химиялық радиоактивті элементтер және радиоактивті изотоптар (бөлінетін және химиялық элементтерді және изотоптарды шығаратын қоса алғанда) және олардың қосындылары; осы өнімдер бар қосындылар мен қалдықтар;
2845 – 2844 тауар позициясының изотоптарынан басқа изотоптар; белгілі немесе белгісіз химиялық құрамды осы изотоптарының органикалық немесе органикалық емес қосылыстары;
кіші субпозицияға кіретін тауарлар:
8401 30 000 0 – жылу шығаратын элементтер (твэлдар), сәулеленбеген;
9022 – медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринарлық пайдалануға арналған немесе арналмаған, соның ішінде рентгенографиялық немесе сәулеліктерапия аппараттарында рентген, альфа-, бета- немесе гамма- немесе басқа иондаушы сәулелерін қолдануға негізделген аппаратура, рентген түтіктері және басқа рентгендік сәулелену генераторлар, жоғары кернеу генераторлар, қалқандар мен басқару пульттар, экрандар, үстелдер, орындықтар және зерттеуге немесе емдеуге арналған ұқсас заттар басым тәртіппен радиациялық бақылауға жатады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Пайдаланылатын аппаратураның типін ескере отырып ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және өткізілетін өзге де орындарда радиациялық бақылау мынадай кезеңдерден тұрады:
бастапқы радиациялық бақылау;
қосымша радиациялық бақылау;
тереңдетілген радиациялық зерттеу;
сараптама.
7. Бастапқы радиациялық бақылаудың мақсаты тауарлар мен көлік құралдары ағыннан сәулелену мөлшерінің деңгейі жоғары (табиғи радиациялық фонға қарағанда) объектілерді (бұдан әрі – объектілер) жедел анықтау және бөлу болып табылады, оны тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау аймағына орналасуын бақылайтын мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.
8. Бастапқы радиациялық бақылау мақсатында РЗ радиациялық бақылау автоматтандырылған жүйелері (бұдан әрі – РЗ РБАЖ), ал ол болмаған немесе ақаулық болған кезде РЗ жылжымалы радиациялық бақылау құралдары пайдаланылады.
9. РЗ РБАЖ арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде радиациялық бақылауды жүзеге асыру мынадай шектеулерді сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс:
жеке тұлғалардың жаяу жүруші РЗ РБАЖ тіректері арқылы тауармен өтуі кезек тәртібімен жүзеге асырылады және өткізу пунктінде кедендік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасымен бақыланады. Бұл ретте басқа жеке тұлғалардың РЗ РБАЖ жанында болуына жол берілмейді;
көлік құралдардың автомобильді РЗ РБАЖ тіректері арқылы өтуі 5 км/сағ жылдамдықтан аспау керек. РЗ РБАЖ жұмыс аймағында көлік құралдарының тоқтауына және болуына жол берілмейді;
теміржол көліктердің теміржол РЗ РБАЖ тіректері арқылы өтуі 25 км/сағ жылдамқтан аспау керек. РЗ РБАЖ жұмыс аймағында теміржол көліктің тоқтауына жол берілмейді.
Көрсетілген шектеулерді сақтау үшін РЗ РБАЖ жұмыс аймағы тиісті ақпараттық белгілермен жабдықталады.
10. Иондалған сәулеленудің көздерімен жұмыс істейтін немесе радиоактивті тауарларды жеке тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары жеке дозиметриялық бақылаудан өтеді.
11. Сәулелену мөлшерінің жоғары деңгейі бар ретінде тексерілетін объектіні жіктеу критерийі РЗ РБАЖ тұрақты (бейімсіз) іске қосылуы болып табылады.
12. РЗ РБАЖ нейтрон арнасы бойынша іске қосылған жағдайда иондаушы сәулелену көздерін локализациялау мен сәйкестендіру бойынша уәкілетті лауазымды тұлғаның одан әрі іс-қимылдары нейтрондық сәулелену детекторлары бар РЗ өлшеу құралдарын пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
13. РЗ РБАЖ немесе радиациялық бақылаудың жылжымалы аппаратураның әрбір дыбыстық немесе жарықтық сигнализациясының іске қосылуы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша Радиоактивты заттар анықтаудың стационарлық жүйесінің және радиациялық бақылаудың жылжымалы аппаратураның іске қосылуы туралы мәліметтерді тіркеу журналына (бұдан әрі – РЗ РБАЖ іске қосылуы журналы) енгізіледі.
Ақпараттық жүйе болған жағдайда РЗ РБАЖ іске қосылуы журналын жүргізу электрондық нысанда атқарылады.
14. Қосымша радиациялық бақылау жүргізу үшін негіздер:
бастапқы радиациялық бақылаудың нәтижелері;
жедел іздестіру қызметінің субъектілерінен жедел ақпарат алу;
тауарға ілеспе құжаттарды тексеру нәтижелері;
РЗ және радионуклидтердің жоғары мөлшері бар тауарлардың болуының белгілері, оның ішінде радиациялық қауіптілік белгілерінің, тән қорғаушы контейнерлерінің (қаптамаларының) анықталуы.
15. Қосымша радиациялық бақылаудың мақсаттары:
РЗ РБАЖ іске қосылу себептерін айқындау;
сәулелену мөлшері жоғары деңгейдегі объектілерді іздестіру және локализациялау, қаптаманы немесе көлік құралын ашпастан гамма- және нейтронды сәулелері бойынша радиациялық сипаттамаларын өлшеу;
объектінің радиациялық қауіптілік дәрежесін бағалау.
16. Уәкілетті лауазымды тұлға объект анықталған кезден бастап қосымша радиациялық бақылауды бір тәуліктің ішінде жүзеге асырады.
Қосымша радиациялық бақылауды жүргізу үшін мемлекеттік салыстырып тексеруден өткен дозиметрлік және радиометрлік аппаратура пайдаланылады.
17. Сәулелену мөлшері жоғары деңгейдегі объектілерді іздеу және локализациялау кезінде көлік құралдарының бөліктерін, жүк ыдыстарын ашу "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) және "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29012 болып тіркелген) (бұдан әрі – Гигиеналық нормативтер) белгіленген талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Қаптамаларды ашуға жол берілмейді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қосымша радиациялық бақылау жүргізу барысында келесі талаптар орындалады:
сәулелену мөлшері жоғары деңгейдегі объект тұрғын үйлер мен қызметтік үй-жайлардан 20 метрден кем емес қашықтыққа алыстатылады. 20 метрге дейінгі қашықтықта тұрғын және қызметтік үй-жайлар болмаған жағдайда қауіпсіздік техникасын сақтай отырып темір жолдарда қосымша радиациялық бақылауды жүргізуге жол беріледі;
сәулелену мөлшері жоғары деңгейдегі объектілерінің маңайында мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалардың және/немесе басқа тұлғалардың болу уақыты шектеулі болуы тиіс;
қойылған қоршауда кемінде 3 метр қашықтықтан анық көрінетін радиациялық қауіптіліктің ескерту белгілерінің болуы.
19. Тауарлар мен көлік құралдарына қосымша радиациялық бақылау мынадай тәртіпті көздейді.
Едәуір ұзындығы бар (темір жол вагоны, жүк автокөлік, контейнер) сәулелену мөлшерінің жоғары деңгейлі объектіні өлшеу бүкіл периметрі бойынша іздестіру режимінде объектінің ұзын бүйірлік қабырғасының орташа сызығы (биіктігі бойынша) бойынша жүргізіледі.
Құрал көрсеткіштері барынша жоғары нүктеде өлшеу оның және екі көршілес өлшеу нүктелерінің арасындағы аралықтардың ортасында жүргізіледі. Бұл рәсім өлшенетін шаманың мәні барынша жоғары нүктенің өлшеу желісі бойынша орналасуын анықтағанға дейін бірнеше рет қайталанады. Бұл нүкте үшін ұқсас өлшеу процедурасы тік бағытта да жүргізіледі.
Осыған ұқсас рәсім қарама-қарсы бүйір беті үшін де қайталанады. Егер құралдың осы өлшеу серияларындағы ең көп және ең аз көрсеткіштері бір-бірінен 10 еседен астам ерекшеленетін болса, радиацияның көздің локальді сипаты бар және өлшенетін шаманың максимумы анықталған орында орналасқан деген болжам жасалады. Егер ең көп және ең аз шамалар 2 есе артық мөлшерде ерекшеленетін болса, радиацияның көзі жүктің барлық көлемі бойынша бөлінді деп санау қажет. Аралық жағдайларда радиация көзінің мөлшерлері объектің мөлшерлерімен теңдес деп санауға болады.
Объектіде радиоактивті көздің болуы анықталғаннан және оның оқшаулану дәрежесін бағалағаннан кейін объектінің бетіндегі ең жоғары нүктесінде иондаушы сәулелену деңгейі өлшенеді.
Егер объектінің көлемі шағын (чемодан, сөмке) болса, онда оның бетінде сәуле мөлшерінің жоғары деңгейі бар екеніне көз жеткізу керек. Ол ең жоғары нүктені анықтау және иондаушы сәулелену деңгейін өлшеу.
Қосымша радиациялық бақылау жүргізу кезінде фото- және/немесе бейнетүсірілім жүргізілуі мүмкін.
20. Қосымша радиациялық бақылаудың нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша Радиациялық бақылау актісіне және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері мен өткізілетін өзге де орындар арқылы сәулелену мөлшерінің деңгейі жоғары тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау туралы мәліметтер журналына (бұдан әрі – Тасымалдау туралы журнал) енгізіледі.
Ақпараттық жүйе болған жағдайда Тасымалдау туралы журналды жүргізу электрондық нысанда атқарылады.
21. Қосымша радиациялық бақылау нәтижесінде жоғары деңгейде сәулелену объектісі расталған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға "Еуразиялық экономикалық одағында санитариялық шаралар қолдану туралы" Кедендік одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 Шешіміне сәйкес берілген рұқсат құжаттарында көрсетілген мәліметтерді қосымша радиациялық бақылау нәтижелерімен салыстырады.
Қосымша радиациялық бақылаудың нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
тауарға іліспе құжаттарда көрсетілген мәліметтердің сәйкес және рұқсат құжаттардың болған жағдайда "Радиациялық бақылаудан өтті" деген мөртабанды қойып, тауарды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы;
тауарға іліспе құжаттарда көрсетілген мәліметтердің сәйкес емес не рұқсат құжаттар болмаған жағдайда "Радиоактивті! Кері қайтаруға жатады" деген мөртабанды қойып Кодекстің 32-бабына сәйкес ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелуге тыйым салу туралы, не ЕАЭО кедендік аумағынан тауарларды әкетуге тыйым салу туралы. Бұл ретте осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Тауарды қайтару туралы актісі толтырылады;
тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу туралы.
22. Объект бетіндегі гамма-сәулелену мөлшердің үш қуат өлшемінің (Нөлш) орташа арифметикалық мәні шамасының 0,2 Нф шамасына кедендік бақылау аймағында өлшенген табиғи фоны мәнінен (Нф) асуы тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу қажеттігін айқындайтын ден қою критерии болып табылады, яғни
Нөлш ≥ 0,2+ Нф,
мұнда Нөлш – гамма-сәулелену мөлшердің үш қуат өлшемінің орташа арифметикалық мәнінің шамасы, мкЗв/сағ., ол мынадай формула бойынша есептеледі:
Нөлш = 1/3 Нөлш.і, (і = 3 болғанда)
мұнда Нөлш.і - і-ші өлшеу кезінде объект бетіндегі гамма-сәулелену мөлшердіңі қуатының мәні, мкЗв/сағ.;
Нф - кедендік бақылау аймағында өлшенген табиғи фонның гамма-сәулелену мөлшердің қуатының мәні, мкЗв/сағ.
Осы ден қою критерии құрамында табиғи радионуклидтар бар тауарларға арналған, оларға мынадай тауарлар жатады: құрылыс материалдары (құм, балшық, қиыршықтық масса, граниттық масса, керамикалық бұйымдар, керамогранит, қиыршықтық тас, инерттық материалдар, кірпіш, керамзит, темірбетон бұйымдары, металл сынығы, ағаш), химиялық тыңайтқыштар, ауыр және жеңіл өнеркәсіп өнімдері, азық-түлік өнімдері, ауыл шаруашылық өнімдері және материалдардың қосымша топтары.
Құрамында табиғи радионуклидтері жоқ өзге тауарлар үшін объект бетіндегі гамма-сәулелену мөлшердің үш қуат өлшемінің (Нөлш) орташа арифметикалық мәні шамасының 0,2 Нф шамасына кедендік бақылау аймағында өлшенген табиғи фоны мәнінен (Нф) асуы, яғни Нөлш≥0,2+Нф, және/немесе объектінің Санитариялық қағидалар мен Гигиеналық нормативтер белгіленген рұқсат деңгейлерінен асырылған альфа- және бета- сәулеленетін нуклидтарымен сыртқы ластануы тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу қажеттілігін айқындайтын ден қою критерийі болып табылады.
Нейтрондық сәулелену ағыны тығыздығының жоғары деңгейі бар көздерді локализациялау және сәйкестендіру бойынша тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізуді айқындайтын ден қою критерийі Санитариялық қағидалар мен Гигиеналық нормативтерде белгіленген рұқсат етілген мәндерден асып кету болып табылады.
23. Тереңдетілген радиациялық зерттеудің мақсаты зерттелетін объектідегі бар РЗ барынша мүмкіндігінше локализациялау мен бастапқы сәйкестендіру болып табылады.
24. Тереңдетілген радиациялық зерттеу уәкілетті лауазымды тұлғамен тереңдетілген радиациялық зерттеуді жүргізу туралы шешім қабалданғаннан кейін бір тәуліктің ішінде жүзеге асырылады.
Мөлшердің қуаты 1 мкЗв/сағ артқан жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға тереңдетілген радиациялық зерттеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімімен жүргізеді.
Егер тауар бойынша шешім қабылдау үшін арнайы білім қажет болған жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті ведомствоның аумақтық бөлімшесіне Қорытынды алу үшін тауарға ілеспе құжаттар мен Радиациялық бақылау актісін қоса бере отырып, жазбаша сұрау жіберіледі. Қорытынды жедел байланыс арналары бойынша бір жұмыс күн ішінде берілуі тиіс.
"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша үлгілер алу актісін жасай отырып, зертханалық зерттеу жүргізу үшін объект (үлгі) уәкілетті лауазымды адамдардың бақылауымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің мамандандырылған зертханасына тапсырылады.
Зертханалық зерттеу нәтижелері Тасымалдау туралы журналға енгізіледі.
Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу үшін мемлекеттік салыстырып тексеруден өткен спектрометриялық және радиометриялық аппаратура пайдаланылады.
26. Сәулелену көзін іздестіру және локализациялау іздестіру режимінде радиометриялық аппаратурасының көмегімен жүргізіледі.
27. Сәулелену деңгейі жоғары мөлшердегі объектілерді іздестіру және локализациялау кезінде көлік құралдарының бөліктерін, жүк орындарын және қаптама ыдыстарын ашуы Санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
28. Тауарлар мен көлік құралдарына тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу мынадай тәртіпті көздейді.
Едәуір ұзындығы бар (теміржол вагоны, жүк автокөлік, контейнер) және жүк ыдысы жүкпен (қораптар, жәшіктер, канистрлер) толтырылған объектіні өлшеу әрбір жүк ыдысының барлық бетінде жүргізіледі.
Радиоактивтік көзі аталған жүк ыдысында бар екендігінің болжамы ретінде, оны табылған объектіден объектінің максималды төрт көлденең мөлшерінен кем емес шамаға тең қашықтыққа алыстату кезіндегі құрал көрсеткіштерінің азаюы болып табылады.
Егер жүк ыдысы жеткілікті үлкен болса, анықталған объект шегінде радиоактивтік көзді барынша ықтимал локализациялау және нейтрондар ағымы тығыздығының ең жоғары мәндерін және оның бетіндегі гамма-сәулелену мөлшердің қуатын, сондай-ақ альфа- және бета-сәулелену радионуклидтерімен беттік ластануды айқындау мақсатында жоғарыда сипатталған схема бойынша қосымша өлшеулер жүргізіледі.
Зерттелетін объектідегі сәулелену көзін локализацияланғаннан кейін ондағы РЗ бастапқы сәйкестендәру жүргізіледі. Алдымен объектінің бетінде нейтрондық сәулеленудің бар-жоқтығын айқындайды (егер локализация гамма-сәулелену бойынша жүргізілсе). Ол үшін гамма-сәулелену мөлшердің қуатының абсолюттік жоғары нүктесінде нейтронды ағымының тығыздығын өлшейді. Егер көзді локализациялау нейтрондық сәулелену бойынша жүргізілсе, онда абсолюттік жоғары нүктесінде гамма-сәулелену мөлшердің қуаты өлшенеді.
Елеулі нейтрондықтың сәулелену болуы (фоннан 2 немесе 3 есе асатын) зерттелетін объектінің құрамында РЗ болу мүмкіндігін куәландырады.
Объектінің бетінде нейтрондардың тіркелетін ағымы болмаған жағдайда жылжымалы гамма-спектрометр немесе спектрометрлік арнасы бар радиометр болса, қаптаманы ашпастан объектіге гамма-спектрометриялық зерттеу жүргізіледі. Датчик арнайы штативте гамма-сәулелену мөлшерінің абсолюттік ең жоғары қуат нүктесіне қарама-қарсы объектінің бетіне жақын немесе спектрометрдің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін одан біршама қашықтықта орнатылады. Сәулелену қарқындылығы мен спектрометрдің сезімталдығына байланысты спектр жиынтығының уақытын таңдау радионуклидтерді сенімді сәйкестендіру үшін жеткілікті статистикалық деректерді алуды қамтамасыз етуі тиіс.
Тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу кезінде фото- және/немесе бейнетүсірілім жүргізілуі мүмкін.
Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Тереңдетілген радиациялық зерттеу нәтижелері бойынша тауарға іліспе құжаттардағы, Радиациялық бақылау актідегі, кедендік жеке тексеру актідегі мәліметтерді және/немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын ескере отырып, мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
"Радиациялық бақылаудан өтті" деген мөртабанды қойып, тауарды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы;
"Радиоактивті! Кері қайтаруға жатады" деген мөртабанды қойып және Тауарды қайтару туралы актісін толтырып, Кодекстің 32-бабына сәйкес ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелуге тыйым салу, не ЕАЭО кедендік аумағынан тауарларды әкетуге тыйым салу туралы;
тауарды сараптамаға тапсыру туралы.
30. Радиациялық объектіге сараптама Кодекске сәйкес және тауарды тереңдетілген радиациялық зерттеудің нәтижелері бойынша тауарлар мен көлік құралдарына кедендік сараптама тағайындау туралы мемлекеттік кіріс органының шешімі негізінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүргізіледі.
31. Объектілерді сараптамаға тапсыру және оны тасымалдау Санитариялық қағидаларды сақтай отырып уәкілетті лауазымды тұлғаның бақылауымен жүзеге асырылады.
Сараптаманың/зертханалық зертеулердің нәтижелері Тасымалдау журнаына енгізіледі.
32. Сараптаманың/зертханалық зертеулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органымен бір тәуліктің ішінде мынадай шешімдердің біреуі қабылданады:
"Радиациялық бақылаудан өтті" деген мөртабанды қойып, тауарды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы;
"Радиоактивті! Кері қайтаруға жатады" деген мөртабанды қойып және Тауарды қайтару туралы актісін толтырып, Кодекстің 32-бабына сәйкес ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелуге тыйым салу туралы, не ЕАЭО кедендік аумағынан тауарларды әкетуге тыйым салу туралы;
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін материалдарды құқық қорғау немесе арнайы органға тапсыру туралы.
Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Жеке тұлғалар тасымалдайтын тауарлар мен багажды радиациялық бақылау
33. Жеке тұлғалар тасымалдайтын тауарлар мен багажды бастапқы радиациялық бақылау РЗ РБАЖ (жаяу жүруші), ал ол болмаған немесе ақаулық болған кезде радиациялық бақылаудың жылжымалы аппаратурасын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
34. Тауарды және/немесе багажды жеке тұлға тасымалдаған кезінде РЗ РБАЖ немесе жылжымалы радиациялық бақылау аппаратурасы іске қосылған жағдайда мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
жеке тұлғадан оның тауарында және/немесе багажында иондандырушы сәулелену көздерінің болуы, оның радиофармацефтикалық дәрі-дәрмектерімен емдеу курсын өтуі, оған кардиоынталандыру аппаратын орнатуға байланысты жүрекке ота жасағаны туралы ауызша сұрау;
тауарды және/немесе багажды радиациялық бақылаудың жылжымалы аппаратурасын қолданып тексеру;
жеке тұлғада көрсетілген медициналық рәсімдерін жүргізілгенін растайтын медициналық құжаттардың болуын тексеру;
жылжымалы дозиметрдің көмегімен жеке тұлғаның дене бойының және ауру мүшесінің (қалқанша без, бауыр, жүрек) эквиваленттік мөлшердің қуатын өлшеу.
35. Медициналық құжаттары болмаған немесе медициналық құжаттарда көрсетілген мәліметтер өлшем нәтижелерімен сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік кірістер органының тиісті лауазымды тұлғасының рұқсатымен Кодекстің талаптарына сәйкес жеке тұлғаға жеке кедендік жете тексеру жүргізіледі.
Радиациялық бақылау және жеке кедендік жете тексеру нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
жеке тұлғаны және багажды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы;
жеке тұлғаны және багажды ЕАЭО кедендік аумағына кіргізуге тыйым салу немесе жеке тұлғаны және багажды ЕАЭО кедендік аумағынан шығаруға тыйым салу туралы;
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін жеке тұлғаны, багажды және жеке тұлғаға қатысты материалдарды құқық қорғау немесе арнайы органға тапсыру туралы.
Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Радиоактивті заттар, тауарлар мен көлік құралдарды радиациялық бақылау жүйелері
36. РЗ радиациялық бақылау жүйелері мақсаты мен қолданылу сипаты бойынша үш топқа бөлінеді:
1-топ – бастапқы радиациялық бақылауды жүргізуге арналған стационарлық РЗ радиациялық бақылау жүйелері;
2-топ – бастапқы радиациялық бақылауды және қосымша радиациялық бақылауды жүргізуге арналған жылжымалы РЗ радиациялық бақылау құралдары;
3-топ – тереңдетілген радиациялық зерттеу мен сараптама жүргізу мақсатында РЗ сәйкестендіруге арналған жылжымалы РЗ радиациялық бақылау құралдары.
Радиациялық бақылау жүйелерді пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету өндірушілердің техникалық талаптарына сәйкес жүргізіледі.
37. Бастапқы радиациялық бақылауды жүргізуге арналған стационарлық РЗ радиациялық бақылау жүйелері РЗ РБАЖ жұмыс істеу аймағында радиациялық фонның өзгеруін сезетін детекторлар болып табылады және өлшеу құралдарына жатпайды.
38. ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерін кесіп өтетін тауарларды және көлік құралдарды бастапқы радиациялық бақылау әр түрлі модификациялық РЗ РБАЖ (жаяу жүруші, автомобильдік, теміржол және қоймалық) немесе жылжымалы іздеу дозиметрлерінің көмегімен жүргізіледі.
39. РЗ РБАЖ бақыланатын объектінің екі жағында орналасатын нейтрондық және гамма-сәулелену детекторларымен, сондай-ақ дыбыстық және жарықтық сигнализациясымен және ақпараттарды бейнелеу құрылғысымен жабықталады. Көрсетілген жүйелерде РЗ жедел бастапқы сәйкестендіруге арналған, атап айтқанда,тексерілетін объектіде РЗ болуының мүмкіндігі туралы ақпарат беруге арналған датчиктердің сигналдарын өңдеудің арнайы құрылғыларының болуы рұқсат.
Тауарлардың немесе көлік құралдарының бетіндегі гамма-сәулеленудің эквиваленттік мөлшердің қуатын өлшеу үшін гамма-сәулелену дозиметрлері қолданылады.
40. Қосымша радиациялық бақылау жүргізу үшін жылжымалы құралдар пайдаланылады: микропроцессорлық іздестіру дозиметрлері, радиометр-дозиметрлер, іздестіру режиміндегі және өлшеу режиміндегі сәулеленудің әрбір түрі үшін датчиктерімен радиометр-спектрометрлері, рентгендік гамма-сәулелену дозиметрлері.
Өлшеу құралдары болып табылатын қосымша радиациялық бақылауды және тереңдетілген радиациялық зерттеуді жүргізуге арналған радиациялық бақылаудың жылжымалы құралдары өлшеуді жүргізгенге дейін "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеруге жатады.
Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу үшін радиометр-спектрометрлері, жылжымалы сцинтиляциялық гамма-спектрометрлері және жартылай өткізгішті гамма-спектрометрлері пайдаланылады.
5-тарау. Қорытынды ережелер
42. Радиациялық аварияны анықтаған кезде уәкілетті лауазымды адамдар 100 мкЗв/сағ қауіпсіздік периметрін айқындайды және шұғыл шараларды жүзеге асырады:
периметрі бойынша мөлшердің қуаты 2 мкЗв/сағ болатын қауіпті объектінің орналасқан аймағы қоршалады;
қоршалған аймақтың периметрі бойынша 3 метрден кем емес қашықтықта көрінетін радиациялық қауіптілік белгілері ілінеді;
аймақта және қоршау периметрі бойынша тұрған адамдар көшіріледі;
объектімен бірге жүретін тұлғалармен бірлесіп (егер ондайлар болса), "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) және "Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № 183 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22905 болып тіркелген) бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдау жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі;
шекара қызметі, десаулық сақтау, атом энергетика, ішкі істер органдары сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары хабарландырылады;
радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де шаралар қабылданады.
Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.43. ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және өткізілетін өзге де орындарда РЗ және сәулелену мөлшері жоғары деңгейдегі тауарларды тасымалдау кезінде бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органы ақпаратты талдағаннан кейін бір тәуліктің ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің тиісті бөлімшесіне (арнайы хабарлама түрінде электронды мекенжайға, кейіннен Электрондық құжат айналымының бірынғай жүйесіне жолдап) хабарлайды.
44. РЗ РБАЖ жай-күйі мен ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және өткізілетін өзге де орындарда РЗ және сәулелену мөлшері жоғары деңгейдегі тауарларды тасымалдауын анықталған кезде қабылданған шаралар туралы мәліметтерді аумақтық мемлекеттік кірістер органдары есеп беру тәртібімен ай сайын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің тиісті бөлімшесіне жолдайды.
Радиациялық бақылауды жүргізу қағидасына 1-қосымша Нысан |
Радиоактивті заттар анықтаудың стационарлық жүйесінің және радиациялық бақылаудың жылжымалы аппаратураның іске қосылуы туралы мәліметтерді тіркеу журналы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Іске қосылғаны жабдықтың атауы | Дабылдың түрі (жалған/расталған) | Іске қосылу күні, уақыты | Іске қосылған арнаның түрі | Табиғи фонның деңгейі | Зерттелетін обьект (жеке тұлға, көлік құрал, теміржол вагоны, почта-багажды жіберілу және тағы сол сияқты) | Тауардың атауы (орындар саны, орау түрі, Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының коды) | Жөнелтуші (жөнелтуші елі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Кестенің жалғасы
Алушы (межелі елі) | Радияциялық бақылау кезеңдеріне сәйкес қабылданған шаралар | Қосымша қолданған бөлінетін радиоактивті заттар радиациялық бақылаудың жүйелері | Бақылау нәтижелері бойынша анықталған | Ұсынылған құжаттар | Қабылданған шешім | Іске қосылумен жұмыс істеген маманның аты-жөні (болған кезде) | Ескерту |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Радиациялық бақылауды жүргізу қағидасына 2-қосымша |
|
Нысан |
Радиациялық бақылау АКТІСІ
202____ жылғы "___"___________ |
Мемлекеттік кірістер департаменті_________________________ |
Біз,_________________________________________________________________
_____________________________________________________________ қатысты
________________________________ қосымша радиациялық бақылау жүргіздік.
Жөнелтуші __________________________________________________________
Алушы ______________________________________________________________
Қосымша радиациялық бақылау: ________________________________________
___________________________________________________ негізінде жүргізілді.
Қосымша радиациялық бақылау кезінде ________________________________
_____________________________________________________________________
(атауы, типі, инвентарлық номері, салыстырып тексеру күәліктің күні мен номері)
жылжымалы радиациялық бақылау құралдары пайдалынды.
Қосымша радиациялық бақылау нәтижесінде мыналар анықталған:
Аумақтың табиғи фоны_______________ мкЗв/час құрады.
Объектінің бетіндегі радиациялық фонының мөлшері________________________
______________________________________________ ______________________
(Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда) (қолы, жеке нөмерлік мөр)
______________________________________________ ______________________
(Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда) (қолы, жеке нөмерлік мөр)
Радиациялық бақылауды жүргізу қағидасына 3-қосымша |
|
Нысан |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері мен өткізілетін өзге де орындар арқылы сәулелену мөлшерінің деңгейі жоғары тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау туралы мәліметтер журналы
Р/с№ | Анықталған күні | Өткізу пункті | Анықтау тәсілі | Тауардың атауы | Жөнелтуші | Алушы | Көлік құралы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Кестенің жалғасы
Кедендік рәсім | Анықтаудың егжей-тегжейі | Қосымша радиациялық бақылаудың нәтижелері | Тереңдетілген радиациялық зерттеудің нәтижелері | Сараптама/зертханалық зерттеулер нәтижелері | Анықталған заттың түрі | Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының мазмұны | Ескерту |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Радиациялық бақылауды жүргізу қағидасына 4-қосымша |
|
Нысан |
Тауарды қайтару АКТІСІ
202____ жылғы "___"___________ |
Мемлекеттік кірістер департаменті_________________________ |
Біз, _________________________________________________________________
радиациялық фоны жоғары тауарды қайтару туралы акт жасадық:
Автокөлік құраланың №_______________________________________________
Тауардың атауы ______________________________________________________
Жөнелтуші___________________________________________________________
____________________________________________________________________
Алушы______________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тауардың радиациялық фоны жоғары болу, тауарға іліспе құжаттарында мәліметтердің
болмауы/сәйкес болмауы, рұқсат құжатының болмауы/сәйкес болмауы себептері
бойынша аталған көлік құралы тауарларымен жүк жөнелтушіге қайтаруға жатады.
Тауарды қайтару актіне мына құжаттар қоса беріледі:______________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
______________________________________________ ______________________
(Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда) (қолы, жеке нөмерлік мөр)
______________________________________________ ______________________
(Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда) (қолы, жеке нөмерлік мөр)