Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 21.02.2024 № 151 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 925 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12432 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдарын жеңілдік жағдайларында есептеудің кейбір мәселелері туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің олардағы бір ай қызметі бір жарым ай жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелуге жататын бөліністер мен лауазымдар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы мен Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ұшқыштар құрамының олардағы бір ай қызметі бір жарым ай қызметі жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелуге жататын лауазымдар тізбесі бекітілсін;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің олардағы қызметі жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелуге жататын бөліністер мен лауазымдар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы мен ішкі істер органдары ұшқыштар құрамының олардағы қызметі жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелуге жататын лауазымдар тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы мен Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ұшқыштар құрамының олардағы бір ай қызметі бір жарым ай қызметі жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелуге жататын лауазымдар тізбесі".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф.Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз бен электронды түрде қазақ және орыс тіліндегі көшірлемелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкiне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;
4) ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция полковнигі Ж.Қ. Сүлейменовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ішкі істер министрі полиция | |
генерал-полковнигі | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 203 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 925 бұйрығына 1-қосымша |
Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің олардағы бір ай қызметі бір жарым ай жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелуге жататын бөліністер мен лауазымдар тізбесі
1. Арнайы мақсаттағы бөліністерде:
1) Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің - 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай лауазымдардағы қызметі:
бөлім (жасақ) командирі;
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары - штаб бастығы;
бөлім (жасақ) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары;
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі);
бөлім (жасақ) командирінің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (арнайы даярлық жөніндегі);
бөлім (жасақ) командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары;
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (техника және қару-жарақ жөніндегі);
офицер-байланысшы;
офицер (байланысшы);
қару-жарақ және жару ісі жөніндегі офицер;
офицер (қару-жарақ және жару ісі жөніндегі);
жауынгерлік машиналар мен автотехниканы пайдалану жөніндегі офицер;
офицер-барлаушы;
офицер (барлаушы);
офицер-шабуылшы;
офицер (шабуылшы);
офицер-пулеметші;
офицер (пулеметші);
офицер-гранататқыш;
офицер (гранатаатқыш);
офицер-мерген;
офицер (мерген);
офицер-сапер;
офицер (сапер);
қару-жарақ жөніндегі офицер;
старшина;
старшина-аға техник;
фельдшер;
маман (фельдшер);
арнайы мақсаттағы топтың командирі;
арнайы ерекше мақсаттағы топтың командирі;
топ командирінің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;
арнайы мақсаттағы бөлімнің бастығы;
барлау бөлімінің бастығы;
жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
арнайы ерекше мақсаттағы бөлімнің бастығы;
рота командирі;
рота командирінің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;
рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары;
взвод командирі;
взвод командирінің орынбасары - арнайы даярлық жөніндегі аға нұсқаушы;
арнайы даярлық жөніндегі аға нұсқаушы;
аға нұсқаушы-барлаушы-шабуылшы;
нұсқаушы-барлаушы-шабуылшы;
аға нұсқаушы-шабуылшы;
аға нұсқаушы-барлаушы;
аға нұсқаушы-гранатаатқыш;
нұсқаушы-гранататқыштың көмекшісі;
аға нұсқаушы-мерген;
аға нұсқаушы-жүргізуші;
аға нұсқаушы-броньдытранспортер жүргізушісі;
броньдытранспортер жүргізу жөніндегі аға нұсқаушы;
жүргізу жөніндегі аға нұсқаушы;
взвод нұсқаушысы;
іздестіру иттері қызметінің нұсқаушысы;
нұсқаушы-сапер;
нұсқаушы-пулемет дәлдеушісі;
аға техник-жүргізуші-барлау шолғынын қадағалау аспабының операторы;
аға барлаушы;
барлаушы-мерген;
барлаушы-атқыш;
барлаушы-броньдытранспортер пулеметінің дәлдеушісі;
тау даярлығы жөніндегі аға нұсқаушы (жетекші маман);
барлаушы-гранатаатқыш;
барлаушы-оқтаушы;
бөлім (жасақ) командирінің техника, қару-жарақ және материалдық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары;
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (техника, қару-жарақ және материалдық қамтамасыз ету жөніндегі);
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (техникалық және материалдық қамтамасыз ету жөніндегі);
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (тыл жөніндегі);
топ командирінің орынбасары;
нұсқаушы;
топ командирі;
барлау тобының командирі;
бөлім бастығы;
офицер;
офицер-нұсқаушы;
офицер (нұсқаушы);
офицер-байланыс бастығы;
офицер (байланыс бастығы);
офицер-психолог;
офицер-сүңгуір;
офицер (сүңгуір);
офицер-заңгер;
офицер- броньдытранспортер пулеметінің дәлдеушісі;
офицер (броньдытранспортер пулеметінің дәлдеушісі);
офицер - дәрігер маман;
офицер (дәрігер маман);
офицер (дәрігер);
аға офицер;
бөлімнің аға офицері;
аға барлаушы-шабуылшы;
аға барлаушы-гранатаатқыш;
аға барлаушы-пулеметші;
аға барлаушы-фельдшер;
аға барлаушы-мерген;
аға барлаушы-сапер;
аға барлаушы-байланысшы;
аға барлаушы- сүңгуір;
аға техник-жүргізуші;
қайта қаруландыру және жару ісі жөніндегі офицер;
жауынгерлік машиналарды және автомобиль техникасын пайдалану жөніндегі офицер;
шабуыл бөлімінің бастығы;
аға нұсқаушы-аға мерген;
нұсқаушы-жүргізуші;
нұсқаушы-броньдытранспортер жүргізушісі;
аға техник-жүргізуші-химик-дозиметрист;
аға техник-жүргізуші-байланысшы;
аға нұсқаушы-барлаушы-пулемет дәлдеушісі;
орталық бастығының орынбасары;
орталық бастығы;
бөлім бастығы – орталық бастығы;
орталықтың бөлім бастығы;
орталық бастығының техника, қару-жарақ және материалдық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары-аға офицер;
штаб бастығының орынбасары-барлау бастығы;
қызмет бастығы (қаржы, заң, кадр, тыл және техникалық қызметтерді қоспағанда);
медициналық пункттің бастығы;
байланыс бастығы;
топ бастығы;
бөлім бастығы (машина командирі);
офицер (топ бастығы);
офицер (жауынгерлік жүзгіш);
офицер (кинолог);
бөлімше командирі;
аға маман (аға нұсқаушы);
маман (техник);
аға маман (нұсқаушы);
аға маман (аға барлаушы);
аға маман (аға жүргізуші);
маман (санитарлық нұсқаушы);
бөлімше бастығы (топ бастығы);
топ командирі – барлау бастығы;
оқу ротасының командирі;
оқу взводының командирі;
барлау бастығы;
оқу ротасы командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары;
оқу ротасы командирінің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;
штаб бастығының орынбасары;
бөлімше бастығы;
бөлімше офицері;
взвод командирінің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;
топ бастығының орынбасары;
жүргізу жөніндегі нұсқаушы;
жүргізу жөніндегі нұсқаушы - жүргізуші;
аға маман (қойма бастығы);
аға маман (аға техник);
аға маман (аға сүңгуір);
аға маман (аға парашютшы);
аға маман (аға парашют жинаушы);
аға маман (аға санитарлық нұсқаушы);
маман (сүңгуір);
маман (барлаушы);
маман (парашютші);
маман (парашют жинаушы);
аға нұсқаушы;
аға нұсқаушы – броньдытранспортер пулеметінің дәлдеушісі;
батальон сержанты-жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нұсқаушы;
жасақ сержанты;
рота, батарея сержанты – жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нұсқаушы;
орталық сержанты – жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нұсқаушы;
топ сержанты - жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нұсқаушы;
байланыс торабының сержанты;
топ (парашюттік даярлық орталығы) бастығы;
бөлімше бастығы (барлау тобы командирінің орынбасары);
бөлімше бастығы (топ командирі);
барлаушы-пулеметші;
бөлімше бастығы (радиоторап бастығы);
бөлімше бастығы (шеберхана бастығы).
2) Ішкі әскерлердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының орталығы әскери қызметшілерінің - 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап мына лауазымдардағы қызметі:
Ішкі әскерлер арнайы мақсаттағы бөліністерінің қызметтік-жауынгерлік қызметін ұйымдастыру орталығының бастығы;
Ішкі әскерлер комитеті арнайы мақсаттағы бөліністерді жауынгерлік және әдістемелік даярлау орталығының бастығы;
"Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығының бастығы;
"Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығы бастығының орынбасары - бөлім бастығы;
"Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығының бөлім бастығы;
Ішкі әскерлердің арнайы мақсаттағы бөліністерінің қызметтік-жауынгерлік қызметін ұйымдастыру орталығының аға офицері;
Ішкі әскерлер комитеті арнайы мақсаттағы бөліністерді жауынгерлік және әдістемелік даярлау орталығының аға офицері;
"Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығының аға офицері;
Ішкі әскерлер арнайы мақсаттағы бөліністерінің қызметтік-жауынгерлік қызметін ұйымдастыру орталығының офицері;
Ішкі әскерлер комитеті арнайы мақсаттағы бөліністерін жауынгерлік және әдістемелік даярлау орталығының офицері;
"Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығының офицері.
3) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы қызметкерлерінің - 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай лауазымдардағы қызметі:
жасақ командирі;
командирдің жедел жұмыс жөніндегі бірінші орынбасары;
командирдің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;
жасақ командирінің орынбасары;
арнайы мақсаттағы бөлімнің бастығы;
арнайы мақсаттағы бөлім бастығының орынбасары;
арнайы мақсаттағы бөлімнің бөлімше бастығы;
жауынгерлік және арнайы даярлық бөлімінің бастығы;
арнайы мақсаттағы жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы;
арнайы мақсаттағы бөлімшенің бастығы;
жауынгерлік және арнайы даярлық бөлімі бастығының орынбасары;
жауынгерлік және арнайы даярлық бөлімінің бөлімше бастығы;
жауынгерлік және арнайы даярлық бөлімінің аға нұсқаушысы;
автоброньдытанк қызметінің аға технигі;
жауынгерлік және арнайы даярлық бөлімінің нұсқаушысы;
мерген;
шабуылшы;
шабуылшы-мерген;
шабуылшы-атқыш;
шабуылшы-жарғыш;
мерген-шабуылшы;
атқыш-шабуылшы;
жарғыш-шабуылшы;
аға инспектор-жарғыш;
инспектор-жарғыш;
жару технигі;
полицей-жүргізуші;
жүргізуші-қызметкер.
4) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы қызметкерлерінің - 2000 жылғы 28 наурыздан 2006 жылғы 1 маусым аралығында мынадай лауазымдардағы қызметі:
штаб бастығы;
атыс даярлығы және қару-жарақ жөніндегі, дене шынықтыру жөніндегі, байланыс құралдары және арнайы техника жөніндегі, штабтың аға инспекторы;
байланыс құралдары және арнайы техника жөніндегі, атыс даярлығы және қару-жарақ жөніндегі инспектор;
автоброньдытанк қызметінің бастығы;
арттехқару-жарақ бастығы, медициналық қызметтің бастығы.
5) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы қызметкерлерінің - 2006 жылғы 1 маусымнан бастап 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығында мынадай лауазымдардағы қызметі:
жедел басқару бөлімінің бастығы;
жедел басқару бөлімі бастығының орынбасары;
жедел басқару бөлімінің аға инспекторы;
аға инспектор - кезекші;
кезекшінің көмекшісі;
тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
тылдық қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары, ол арттехқару-жарақ және киім-кешекпен қамтамасыз ету бастығы;
арттехқару-жарақ қоймасының меңгерушісі;
автоброньдытанк қызметінің бастығы;
автоброньдытанк қызметінің аға инспекторы;
медициналық қызметтің бастығы.
6) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы қызметкерлерінің қызметі - 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап, штабтардың, кадр (жауынгерлік, арнайы және кәсіби даярлықтан басқа), құқықтық, қаржы, тылдық (автокөліктік және қару-жарақ жөніндегі бөліністерден басқа), медициналық, құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл және ақпарат бөліністерінің лауазымдарын қоспағанда;
7) арнайы мақсаттағы ("Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағын қоспағанда), жедел ден қою, ерекше мақсаттағы бөліністер (милиция, полиция жасағы), "Арлан" арнайы мақсаттағы бөліністері, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтар (мамандандырылған күзет қызметі бөліністерінің лауазымдарын қоспағанда) қызметкерлерінің қызметі - 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап, штабтардың, кадр (жауынгерлік, арнайы және кәсіби даярлықтан басқа), құқықтық, қаржы, тылдық (автокөліктік және қару-жарақ жөніндегі бөліністерден басқа), медициналық, құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл және ақпарат бөліністерінің лауазымдарын қоспағанда.
2. Республикасы Ұлттық ұланының сотталғандарды және күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүруді жүзеге асыратын бөліністерде - 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) атқыштар батальонында (айдауылмен алып жүру жөніндегі):
бөлініс бастығы (қарауыл бастығы);
аға маман (қарауыл бастығының көмекшісі);
2) атқыштар ротасында (айдауылмен алып жүру жөніндегі):
рота командирі;
рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары;
взвод командирі;
бөлініс бастығы (қарауыл бастығы);
аға маман (қарауыл бастығының көмекшісі);
взвод сержанты –жауынгерлік даярлық жөніндегі нұсқаушы;
бөлімше командирі;
аға сарбаз (аға атқыш);
сарбаз (атқыш);
аға маман (аға жүргізуші);
маман (жүргізуші);
бөлініс бастығы (қарауыл бастығы);
аға маман (аға нұсқаушы);
аға маман (нұсқаушы);
3) атқыштар взводында (айдауылмен алып жүру жөніндегі):
взвод командирі;
бөлініс бастығы (қарауыл бастығы);
аға маман (қарауыл бастығының көмекшісі);
взвод сержанты –жауынгерлік даярлық жөніндегі нұсқаушы;
бөлімше командирі;
аға сарбаз (аға атқыш);
сарбаз (атқыш);
аға маман (аға жүргізуші);
маман (жүргізуші);
бөлініс бастығы (қарауыл бастығы);
аға маман (аға нұсқаушы);
аға маман (нұсқаушы);
4) атқыштар бөлімшесінде (айдауылмен алып жүру жөніндегі):
бөлініс бастығы (қарауыл бастығы);
аға маман (қарауыл бастығының көмекшісі);
бөлімше командирі;
аға сарбаз (аға атқыш);
сарбаз (атқыш);
аға маман (аға жүргізуші);
маман (жүргізуші);
бөлініс бастығы (топ бастығы);
аға маман (аға нұсқаушы);
аға маман (нұсқаушы).