Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 505 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 мамырда № 16895 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.12.2019 № 1424 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 3 мамырдағы № 505
бұйрығымен бекітілген

Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидалары "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және биоотын өткізу (тиеп жөнелту), алу, өтуі, қайтару, тасымалдау, импорттау және экспорттау бойынша операцияларды жүргізу кезінде, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биоотынға ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі – БІЖҚ) ресімдеу тәртібін белгілейді.

      Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      алушы – биоотын алу,өтуі, қайтару, тасымалдау, импорттау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлға;

      жеткізуші – биоотын өткізу (тиеп жөнелту), өтуі, қайтару, тасымалдау, импорттау және экспорттау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлға.

      2. Биоотын өткізу (тиеп жөнелту), өтуі, қайтару, тасымалдау, экспорттау бойынша әрбір операцияларды жүргізу кезінде жеткізушілер БІЖҚ міндетті түрде ресімдейді.

      Қазақстан Республикасының аумағына биоотын импортау кезінде БІЖҚ-ты алушы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күнінен кешіктірмей ресімдейді.

2-тарау. БІЖҚ ресімдеу тәртібі

      3. БІЖҚ "Салық төлеушінің кабинеті" (бұдан әрі – бағдарлама) интернет-ресурсы (web-қосымша) арқылы электрондық түрде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ресімделеді.

      Бағдарлама биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Интернет-ресурсында (web-порталында) орналастырылады.

      4. БІЖҚ-де мынадай деректер көрсетіледі:

      1) БІЖҚ нөмірі (бағдарлама автоматты түрде береді);

      2) ресімдеу күні және уақытты (бағдарлама автоматты түрде береді);

      3) операцияның коды (бағдарламаның анықтамасынан алынады);

      4) жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН). Импорт кезінде толтырылмайды;

      5) биоотынды жеткізушінің атауы, оның заңды мекенжайы және орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды (жеткізушінің ЖСН/БСН енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде береді), тиеп жөнелту мекенжайы (қолмен толтырылады). Импорт кезінде жеткізушінің атауын, оның заңды мекенжайын алушы қолмен толтырады, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды толтырылмайды;

      6) тиеп жөнелту (өткізу) мекенжайының мемлекеттік кірістер органының коды (бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады). Импорт кезінде толтырылмайды;

      7) жеткізушінің түрі (бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);

      8) алушының ЖСН/БСН (жеткізуші енгізеді, импорт кезінде алушы енгізеді);

      9) алушының атауы, оның заңды мекенжайы (алушының ЖСН/БСН енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде береді), жеткізу (алу) мекенжайы (қолмен толтырылады);

      10) жеткізу (алу орны) мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер органының коды (бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);

      11) шарттың немесе шарттың қосымшаларының нөмірі;

      12) шарттың күні;

      13) көліктің түрі (бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);

      14) тасымалдаушы (жүкті жөнелтуші) туралы мәліметтерде (болған кезде) биоотын тасымалдауды және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын жеке (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), ЖСН) немесе заңды (атауы, БСН) тұлға туралы деректер көрсетіледі (жеткізуші енгізеді, импорт кезінде алушы енгізеді);

      15) көлік құралы туралы мәліметтерде (жеткізуші енгізеді, импорт кезінде алушы енгізеді):

      автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – көлік құралының маркасы, мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісі;

      темір жол көлігімен тасымалдау кезінде – вагонның (вагондардың) нөмірі (нөмірлері);

      әуе көлігімен тасымалдау кезінде – кеменің атауы және борттың тіркеу нөмірі;

      теңіз немесе ішкі су көлігімен тасымалдау кезінде – кеменің атауы, кеме қатынасының теңіз бойынша тіркеу нөмірі;

      құбыржолы арқылы тасымалдау кезінде – құбыржолының атауы көрсетіледі;

      16) экспедитор туралы мәліметтерде (болған кезде) экспедитордың, жүргізушінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

      17) өткізілетін (тиеп жөнелтілетін) биоотын көлемі (тоннада көрсетіледі);

      18) жолдың реттік нөмірі;

      19) өнімінің атауы;

      20) ыдыс сыйымдылығы (тоннада) (құбыржолы бойынша биоотынды өткізу кезінде толтыру үшін міндетті емес);

      21) ыдыстағы саны (данада) (құбыржолы бойынша биоотынды өткізу кезінде толтыру үшін міндетті емес);

      22) санның жиыны (тоннада);

      23) өнімнің құны (теңгеде) (ішкі өткізу кезінде толтыру міндетті емес);

      24) импорт кезінде жеткізуші жазып берген БІЖҚ нөмірі – алушы жазып берген (биоотынды қайтару кезінде, БІЖҚ күшін жою немесе бас тарту кезінде қажеттілік болған жағдайда толтырылады);

      25) кестедегі жолдың жалпы саны;

      26) басшының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда);

      27) бухгалтердің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда);

      28) "Жүргізуші" бағанындағы деректер қағаз тасығышта ғана толтырылады. Жүргізушінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері көрсетіледі. Осы бағанда автокөлікпен тасымалдау кезінде ғана толтырылады.

      5. БІЖҚ уәкілетті органның серверіне жіберілгеннен кейін жеткізуші қағаз тасығышта екі данада басып шығарады (импорт кезінде – алушы қағаз тасығышта бір данада басып шығарады) және жеке кәсіпкердің қолымен немесе заңды тұлға басшысының қолымен расталады.

      6. Тасымалдаушының (жүкті жөнелтушінің, алушы өкілінің) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері көрсетілген, қол қойылған қағаз тасығыштағы БІЖҚ-тың бір данасы жеткізушіде қалады (биоотынды импорттауды қоспағанда).

      7. БІЖҚ-тың екінші данасы тасымалдаушыға (жүкті жөнелтушіге, алушы өкіліне) биоотынды межелі орынға дейін тасымалдау үшін беріледі (биоотынды импорттауды қоспағанда).

      8. Биоотынды межелі орынға дейін жеткізгеннен кейін биоотын алушы тасымалдаушыдан БІЖҚ екінші данасын алады (биоотынды импорттауды қоспағанда).

      9. БІЖҚ-ты алушылар БІЖҚ және биотынды алғанын растау жолымен электрондық түрде уәкілетті органға ұсынады немесе бағдарламада БІЖҚ-ты ресімдеген күннен кейін күнтізбелік жиырма бес күн ішінде бас тартады.

      Бағдарламада БІЖҚ-ты растауды алушы биоотынды алғаннан кейін және ІЖҚ-та көрсетілген деректермен алшақтық болмаған кезде жүзеге асырады.

      Биоотынды экспорттау және түпкілікті тұтынушыға өткізу кезінде бағдарламада алушының БІЖҚ растауы талап етілмейді.

      10. БІЖҚ-тан бас тарту, алғанын растау немесе растамау мерзімі бұзылған жағдайда, бағдарламада автоматты режимде, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес хабарландыру қалыптастырылады.

      11. Осы Қағидалардың қосымшасына белгіленген деректерді толық емес және (немесе) дұрыс емес көрсетіп ресімделген БІЖҚ-ды жеткізуші (импорт кезінде – алушымен) осындай БІЖҚ ресімделген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жоюға тиіс.

      12. БІЖҚ жойылған жағдайда алушыға (қажет болған кезінде) жолданатын жаңа БІЖҚ жазып беріледі. Жаңа БІЖҚ ресімдеу күнін және уақытын бағдарлама автоматты түрде береді. Жаңа БІЖҚ бастапқы БІЖҚ жойылған күні ресімделеді.

      13. БІЖҚ-ты есепке алу бағдарламаның БІЖҚ тіркеу журналында, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде жүргізіледі.

      БІЖҚ ресімделгеннен кейін БІЖҚ тіркеу журналына БІЖҚ түседі және уәкілетті органның серверінде сақталады.

      14. Қол қойылған БІЖҚ жеткізушілер мен алушыларда қағаз тасығышта БІЖҚ-ды ресімдеу күні бойынша тізілімге тігіледі және бес жыл ішінде сақталады.

      Жеткізушілер мен алушылардың БІЖҚ түпнұсқасын жоғалтуына және бүлдіруіне жол берілмейді.

      15. Жеткізуші (алушыны) – заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде қайта ұйымдастырылған тұлға үшін БІЖҚ-ды сақтау жөніндегі міндеттеме оның мирасқорына (құқықтық мирасқорына) жүктеледі.

  Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

1) Ілеспе жүкқұжаттың №

2) Ресімдеу күні және уақыты: __________
4) Жеткізушінің ЖСН/БСН ______________
5) Жеткізушінің атауы, заңды мекенжайы,
орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша
мемлекеттік кірістер органның коды мен
тиеп жөнелту мекенжайы _______________
_____________________________________
6) Тиеп жөнелту мекенжайының
мемлекеттік кірістер органының коды:
_____________________________________
7) Жеткізушінің түрі ___________________
_____________________________________

3) Операцияның коды _____________________
8) Алушының ЖСН/БСН __________________
9) Алушының атауы, заңды мекенжайы мен
жеткізу мекенжайы ______________________
_______________________________________
_______________________________________
10) Жеткізу мекенжайы бойынша мемлекеттік
кірістер органының коды: ________________

11) Шарттың (шартқа қосымшаның) нөмірі
_________________________________

12) Шарттың күні 201_ жылғы
"_____"__________

13) Көлік түрі:


14) Тасымалдаушы туралы мәліметтер ____________________________________________
15) Көлік құралы туралы мәліметтер ______________________________________________
16) Экспедитор туралы мәліметтер ________________________________________________

17) Өткізілетін (тиеп жөнелтілетін) биоотын. Барлығы:___________ (тонна)

18) №

19) Өнімінің атауы

20) Ыдыс сыйымдылығы (тоннада)

21) Ыдыстың саны (данада)

22) Санның жиыны (тоннада)

23) Өнімінің жалпы құны (теңгеде)

24) импорт кезінде жеткізуші жазып берген БІЖҚ нөмірі – алушы жазып берген (биоотынды қайтару кезінде, БІЖҚ күшін жою немесе бас тарту кезінде қажеттілік болған жағдайда толтырылады)















 
25) Барлығы: __________ жол

26) ) Басшының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда): __________________________ _________
қолы
27) Бухгалтердің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда): ________________________ _________
қолы
28) Жүргізуші: ________________________________________________________ _________
(Т.А.Ә., (ол болған жағдайда) жеке куәлігінің қолы
немесе төлқұжатының сериясы, нөмірі мен берілген күні)
Ескерту: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
БІЖҚ – биоотынға ілеспе жүкқұжат;
ЖСН – жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).

 
  Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Биоотынға ілеспе жүкқұжаттарын мерзімінен кешіктіріп бас тарту, оны растау немесе растамау туралы хабарландыру

201_ жылғы "___" _________

__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы "___" ____________ № ____
бұйрығымен бекітілген Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларының 10-тармағына
сайкес
Сізді ____________________________________________________________________
(салық төлеушінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) немесе атауы)
ЖСН(БСН)
_________________________________________________________________________
Биоотынға ілеспе жүкқұжаттарын растамағаныңыз немесе мерзімінен кешіктіріп бас
тартқаныңыз, растамағаныңыз туралы хабардар етеді
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(табыс ету нөмірі мен кезеңі)
Осыған байланысты Сіз 5 жұмыс күні ішінде тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер
органына түсініктеме беруіңіз үшін келуіңіз қажет.
Ескерту: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).

 
  Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Биоотынға ілеспе жүкқұжаттарын тіркеу журналы

 
БІЖҚ күні БІЖҚ растау / бас тарту/ күшін жою күні
 
___ жылғы _ _ бастап _ жылғы _ _ дейін __ жылғы _ _ бастап _ жылғы _ _ дейін
Жеткізушінің ЖСН/БСН _________________ Алушының ЖСН/БСН _________________
БІЖҚ нөмірі ___________________________ Алушының атауы _____________________
Күндер өтті _______________
БІЖҚ мәртебесі:


БІЖҚ күні

БІЖҚ нөмірі

Жеткізушінің ЖСН/БСН

Алушының ЖСН/БСН

Операцияның коды

Жеткізушінің түрі

Растау/ бас тарту/ күшін жою күні

Күндер өтті

Мәртебесі

Іс-қимыл


































 
Барлығы: _________ көрсетілген жол саны
 
Ескерту: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
БІЖҚ – биоотынға ілеспе жүкқұжат;
ЖСН –жеке сәйкестендіру нөмірі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады