Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.05.2022 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 13.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.05.2022 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдебінің үлгілік кодексі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өз мүшелерінің "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптар бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.05.2022 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т.Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2018 жылғы 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 cәуірдегі № 487 бұйрығына 1-қосымша |
Бағалаушылардың іскерлік және кәсіби әдебінің үлгілік кодексі
1. Осы Бағалаушылардың іскерлік және кәсіби әдебінің үлгілік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және өзінің кәсіби міндеттерін орындаған кезде бағалаушылардың іскерлік және кәсіби әдебіне қойылатын талаптарды анықтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.05.2022 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Кодекстің мақсаты бағалаушылардың адалдығы, ашықтығы мен кәсіпқойлығына қоғамдық сенімді қамтамасыз ету, барлық бағалаушылардың тәуелсіз бағалауды сапалы орындауға күш-жігерін біріктіру болып табылады.
3. Бағалау қызметін жүзеге асырған кезде бағалаушы:
бағалау қызметі саласындағы заңнаманы, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және бағалау стандарттарын басшылыққа алады;
кəсіби ар-намысы мен қадір-қасиетіне қамқорлық жасайды, бағалаушының беделіне нұқсан түсіретін жəне оның қызметіне деген қоғамның сенімін бұзатын əрекеттерді жасауды болдырмайды;
кәсіби міндеттерін абыроймен атқарады.
4. Кодекс мақсаттарына қол жеткізу үшін бағалаушы мынадай қағидаттарды сақтайды:
1) адалдық.
Бағалаушының адалдығы оның кәсіби және жеке мінез-құлық нормаларын ұстануын, өзінің тұжырымдары мен шешімдерінде әділдікті сақтай отырып, өз жұмысын білікті, адал орындауын білдіреді;
2) объективтілік.
Бағалаушы мүдделер қақтығысына жол бермейді және кәсіби қызметті тәуелсіз және әділ жүзеге асырады. Заңды және объективті ақпарат оның тұжырымдары мен қорытындылары үшін негіз болып табылады, бірақ оған қарсы бағытталған немесе оған көрсетілген қысым емес;
3) құзыреттілік.
Бағалаушының жұмысты білікті кәсіби орындауды қамтамасыз етуі үшін кәсіби білімі, дағдылары мен тәжірибесі болады, осы деңгейді ұстап тұрады жəне кәсіби қызметтер көрсету кезінде қолданыстағы техникалық жəне кəсіби стандарттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес əрекет етеді.
Егер бағалаушының ұсынылған бағалау тапсырмасының құзырлы орындалуы үшін кәсіби білімі мен қажетті тәжірибесі болмаса, бағалаушы мұндай тапсырмадан бас тартады;
4) кәсіби мінез-құлық.
Қолданыстағы құқық талаптарына, техникалық және кәсіби стандарттарға сәйкес жұмысты орындау, қоғамдық мүдделерде әрекет ету және кәсібіне кір келтіретін кез келген жағдайларды болдырмау;
5) құпиялылық.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіби және іскерлік қатынастар нәтижесінде алынған ақпараттың құпиялығын сақтау және үшінші тұлғаларға мұндай ақпаратты жария етпеу және оны жеке басының басымдығына немесе үшінші тұлғалардың басымдықтарына пайдаланбау.
Құпиялылық қағидатын сақтау қажеттілігі бағалаушы мен бағалауға тапсырыс беруші арасындағы қарым-қатынас аяқталғаннан кейін де сақталады.
5. Бағалаушы:
1) өзінің кәсіби біліктілігінің деңгейі туралы жалған ақпарат бермейді;
2) егер бағалаушы жалған немесе жаңылыстыратын жүгінімді немесе ақпаратты қамтиды деп ұйғарса, өзін бағалау туралы есеппен, басқа бағалау нәтижелеріне сілтемемен байланыстырмайды;
3) бағалау қызметтерін тұтынушыларды жаңылыстыратын ақпаратты бағалауды жүргізу үшін қажет ақпаратты жасырмайды немесе әдейі бұрмаламайды;
4) бір мезгілде активті сатып алушы жағынан, сол сияқты сатушы жағынан бағалау жүргізбейді;
5) бағаланатын мүліктік мүдде үшін өзара бәсекелес екі немесе одан да көп тараптар үшін бағалау жүргізбейді;
6) консультация қарыз алушыға да көрсетілген кезде кредитор жағынан бағалау жүргізбейді;
6. Қағидаттарды сақтауға әсер ететін жағдайлар немесе қарым-қатынастар мынадай санаттарға бөлінген:
1) дербес мүдде – кәсіби бағалаушының құн туралы пікіріне бұрмалау жағына ықпал ететін бағалаушының немесе оның отбасы мүшелерінің қаржылық немесе басқа мүддесі;
2) мүдделер қақтығысы қаупі – екі немесе одан да көп тапсырыс берушінің бағалау нәтижелеріне қатысты қарама-қайшы немесе қақтығысты мүдделері бар;
3) мүддені ілгерілету қаупі – кәсіби бағалаушы тапсырыс немесе жұмыс берушінің ұстанымын объективтілік ымыраға ұшырайтындай дәрежеге ілгерілетеді;
4) туыстық немесе жақындық қаупі, соның салдарынан бағалаушы олардың мүдделеріне немесе жұмысына неғұрлым адал болатын тапсырыс берушімен немесе жұмыс берушімен тығыз қарым-қатынастар;
5) қорқыту қаупі – бағалаушы сыртқы қауіп (бопсалау) себебінен өзінің кәсіби қызметін орындаудан жалтарады немесе жұмысын объективті орындамайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қағидаттарды сақтауға әсер ететін жағдайлар немесе қарым-қатынастар болған кезде бағалаушы бағалауға тапсырманы орындаудан және бағалау бойынша жұмыстарды орындауға қатысудан бас тартады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 487 бұйрығына 2-қосымша |
Өз мүшелерінің "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптар
Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.05.2022 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өз мүшелерінің "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң), бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптар өтініштерді қарауға қойылатын талаптарды (бұдан әрі – Талаптар) белгілейді.
2. Өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК) сәйкес қаралады.
2-тарау. Өтініштерді қарау рәсімі
3. Осы Талаптардың 6-тармағында белгіленген тәртіппен берілген бағалаушылар палатасына өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға, қаралуға тиіс. Өтініш берушіге өтінішті қарау нәтижелері туралы жауап, оның ішінде тексеру актісі (ол болған кезде) жіберіледі.
4. Осы Талаптардың 6-тармағының талаптарына сәйкес келетін өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
5. Осы Талаптардың 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін, бірақ дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтерді қамтитын өтініш мемлекеттік органдардың құзыреттеріне сәйкес оларға дереу жіберілуге тиіс.
6. Өтініш берушінің бағалаушылар палатасына жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген өтінішінде:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), өкілінің сенімхат бойынша (ол өтінішке қоса тіркелген кезде) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
2) жеке тұлғаның не заңды тұлғаның бірінші басшысының не сенімхат бойынша өкілінің сенімхат бойынша ұялы байланысының абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы;
3) бағалаушылар палатасының және (немесе) өтініш берілетін лауазымды адамның атауы;
4) бағалаушылар палатасы мүшесінің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуы;
5) өтініштің берілген күні;
6) өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы;
7) өтінішке қоса берілетін құжаттар мен өзге де ақпараттың тізбесі көрсетіледі.
7. Өтініш осы Талаптардың 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде бағалаушылар палатасы өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін қисынды мерзім белгілейді.
8. Егер өтініш беруші оны осы Талаптардың 6-тармағының талаптарына сәйкес келтірмесе, бағалаушылар палатасы белгілеген мерзімде бағалаушылар палатасы өтінішті қайтарады.
9. Өтінішті қайтару қайта жүгінуге кедергі келтірмейді.
10. Тексеру жүргізу туралы шешім бағалаушылар палатасының атқарушы органының тиісті бұйрығымен ресімделеді және бағалаушылар палатасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы бағалау қызметi туралы заңнамасының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын сақтауын, бағалаушылар палатасы мүшелерінің іс – әрекеттеріне арналған өтініштерді қарауды бақылауды жүзеге асыратын бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы (бұдан әрі – бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы) орындайды.
11. Өтініш берушіні хабардар ету (хабардар ету) мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) өтініш берушіге тыңдау немесе әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де іс-шаралар өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарланады;
2) хабарлама (хабарлама) тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе жеделхатпен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарламамен не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі;
3) егер өтініш беруші көрсетілген мекенжай бойынша іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарламалар (хабарламалар) заңды мекенжайы бойынша немесе оның жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін.
Заңды тұлғаға арналған хабарламалар (хабарламалар) оның орналасқан жері бойынша жіберіледі;
4) өтініш беруші хабарламаны (хабарламаны) қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізетін немесе табыс ететін адам хабарламаға (хабарламаға) тиісті белгі қояды, ол бағалаушылар палатасына, лауазымды адамға қайтарылады.
12. Өтінішті қарау мынадай мән-жайлардың ең болмағанда біреуі болған кезде:
1) бағалаушылар палатасының мамандандырылған органының бағалаушылар палатасы мүшесінің өтініште көрсетілген нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер бойынша бұзу фактілерін растау немесе олардың болмауы туралы шешімі болған жағдайларда;
2) нақ сол адамға қатысты, нақ сол нысана және нақ сол негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайларда;
3) бағалаушылар палатасы өтініш берушіден өтінішті кері қайтарып алуды қабылдаса.
3-тарау. Өтініштерді қарау тәртібі
13. Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін өтініш келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады.
Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін өтініш келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.
Өтініш негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі, мамандандырылған орган басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы өтініш берушіге және (немесе) бағалаушылар палатасының мүшесіне мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
14. Нақ сол адамға қатысты нақ сол нысана және нақ сол негіздер бойынша шығарылған, күшіне енбеген сот актісі болған кезде өтінішті қарау сот актісі заңды күшіне енгенге дейін не оның күші жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
15. Тексеру жүргізу барысында өтініште көрсетілген фактілер ғана зерттеуге жатады.
16. Бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы жүргізген өтінішті қарау нәтижелері бойынша бағалаушылар палатасы мүшесінің Бағалаушылар палатасы заңының, стандарттарының және қағидаларының талаптарын бұзу фактілерін растау немесе олардың болмауы туралы алдын ала шешім шығарылады.
17. Өтініш берушіге және өзіне қатысты өтініш жіберілген бағалаушылар палатасының мүшесіне бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді, ол туралы олар алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тыңдау мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
1) өтініш беруші мен өзіне қатысты өтініш жіберілген бағалаушылар палатасының мүшесі алдын ала шешім бойынша, оның ішінде бейнеконференцбайланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы тыңдауға шақырылған;
2) ақпараттық жүйелерді пайдалану;
3) өтініш берушіге және өзіне қатысты өтініш жіберілген бағалаушылар палатасының мүшелеріне өз ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін байланыстың өзге де тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.
18. Өтініш беруші және өзіне қатысты өтініш жіберілген бағалаушылар палатасының мүшесі оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсылық беруге немесе айтуға құқылы.
19. Бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы тыңдау хаттамасын жасайды.
Тыңдау хаттамасында мыналар көрсетіледі:
1) тыңдау орны мен күні, оның басталу және аяқталу уақыты;
2) бағалаушылар палатасының атауы, лауазымды адамның, хатшының тегі мен аты-жөні;
3) өзіне қатысты өтініш жіберілген өтініш беруші, бағалаушылар палатасының мүшесі және (немесе) заңды негізде тыңдауға қатысатын өзге де адам туралы мәліметтер;
4) қаралатын мәселенің мазмұны;
5) қатысушылардың түсініктемелерінің, сұрақтары мен жауаптарының, сөйлеген сөздерінің мазмұны көрсетіледі.
20. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы келіп түскен өтініштің негізінде мынадай мәліметтерді қамтитын тексеру актісін жасайды:
тексеру актісін жасау күні;
өзіне қатысты тексеру жүргізілген бағалаушылар палатасының мүшесі туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), бағалаушылар палатасына мүшелік туралы куәліктің нөмірі;
тексеру түрі;
тексеру жүргізудің негізі, тексеру мәні;
тексеру жүргізу туралы шешім (күні мен нөмірі);
тексеру кезеңі (тексерудің басталу және аяқталу күні);
оларды алу көздері көрсетілген тексеру материалдары (құжаттар мен ақпарат);
өтініште көрсетілген фактілерді зерттеу нәтижелері, анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы не бұзушылықтардың жоқтығы туралы ақпарат;
тексеру жүргізген бағалаушылар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы);
тексеру жүргізген адамдардың қолдары;
бағалаушылар палатасының ішкі құжаттарында белгіленген ақпарат.
21. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы бағалаушылар палатасы мүшесінің Бағалаушылар палатасы Заңының, стандарттарының және қағидаларының талаптарын бұзу фактілерін растау немесе олардың болмауы туралы шешім қабылдайды.
22. Бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы өтініш берушіге және өзіне қатысты өтініш жіберілген бағалаушылар палатасының мүшесіне өтінішхат мәлімделген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтінішті қарау материалдарымен танысу мүмкіндігін береді.
Өтініш беруші мен өзіне қатысты өтініш жіберілген бағалаушылар палатасының мүшесі тексеру материалдарымен танысқан кезде бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын қамтамасыз етеді.
4-тарау. Шағымдану рәсімі
23. Бағалаушылар палатасының шешімімен, сондай-ақ тексеру актісімен келіспеген кезде, өтініш беруші және (немесе) өзіне қатысты өтініш жіберілген бағалаушылар палатасының мүшесі шешім қабылдауға байланысты әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданып, өтініш берушіге және (немесе) бағалаушылар палатасының мүшесіне тиісті жазбаша өтінішті бағалаушылар палатасының алқалы басқару органына, бағалаушылар палатасының алқалы басқару органына өтініш берушіге және (немесе) бағалаушылар палатасының мүшесіне өтініш жіберілген адамға қатысты шешім қабылдау немесе әрекет (әрекетсіздік) жасау туралы белгілі болды.
Шағым жасау үшін өтіп кеткен мерзім бағалаушылар палатасының алқалы органының шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды. Мерзімнің өтіп кету себептері шағымды қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту негіздерінің бірі болып табылады.
24. Бағалаушылар палатасы шағымды қабылдауды, тіркеуді, есепке алуды, қайтаруды және кері қайтарып алуды осы Талаптардың 2-тарауы 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
25. Шағымды бағалаушылар палатасының алқалы органы қарайды, онда нақты мән-жайларды зерттеудің нысанасы мен шектері айқындалады.
Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.
26. Бағалаушылар палатасының алқалы органы осы Талаптардың 17 және 19-тармақтарының ережелеріне сәйкес өтініш берушіні тыңдайды.
27. Бағалаушылар палатасының алқалы органы өтініш берушінің шағымды қарау материалдарымен осы Талаптардың 22-тармағының ережелеріне сәйкес танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
28. Бағалаушылар палатасының алқалы органы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
2) жіберілген бұзушылықтарды көрсете отырып және оларды жою жөніндегі ұсыныстармен тексеруді жүзеге асыру үшін бағалаушылар палатасының мамандандырылған органына шағымды қарау материалдарын жіберу туралы;
3) шағымды қараусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.