БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Д. Кеңбеил |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 5 наурыздағы № 104 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдебінің үлгілік кодексін және өз мүшелерінің "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарды және бағалаушылар палатасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 487 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 108) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағалаушылардың іскерлік және кәсіби әдебінің үлгілік кодексінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 108) тармақшасына сәйкес әзірленді және өзінің кәсіби міндеттерін орындаған кезде бағалаушылардың іскерлік және кәсіби әдебіне қойылатын талаптарды айқындайды.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өз мүшелерінің "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Өз мүшелерінің "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң), бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 108) тармақшасына сәйкес әзірленді және өтініштерді қарауға қойылатын талаптарды (бұдан әрі – талаптар) белгілейді.";
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Өтініш берушінің бағалаушылар палатасына жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген өтінішінде:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), өкілінің сенімхат бойынша (ол өтінішке қоса тіркелген кезде) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы келіп түскен өтініштің негізінде мынадай мәліметтерді қамтитын тексеру актісін жасайды:
тексеру актісін жасау күні;
өзіне қатысты тексеру жүргізілген бағалаушылар палатасының мүшесі туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), бағалаушылар палатасына мүшелік туралы куәліктің нөмірі;
тексеру түрі;
тексеру жүргізудің негізі, тексеру мәні;
тексеру жүргізу туралы шешім (күні мен нөмірі);
тексеру кезеңі (тексерудің басталу және аяқталу күні);
оларды алу көздері көрсетілген тексеру материалдары (құжаттар мен ақпарат);
өтініште көрсетілген фактілерді зерттеу нәтижелері, анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы не бұзушылықтардың жоқтығы туралы ақпарат;
тексеру жүргізген бағалаушылар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) лауазымы);
тексеру жүргізген адамдардың қолдары;
бағалаушылар палатасының ішкі құжаттарында белгіленген ақпарат.".
2. "Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 501 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16900 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарда:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – талаптар) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабы 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және бағалау туралы есептің (бұдан әрі – есеп) нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.";
2. Есеп бағалау жүргізу нәтижелері бойынша жасалады және Заңға, осы талаптарға және "Бағалау стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16971 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 519 бұйрық) бекітілген бағалау стандарттарына сәйкес ресімделген жазбаша құжатты білдіреді.
3. Активтердің жекелеген түрлері үшін № 519 бұйрықта белгіленген қосымша талаптар қолданылады, олар есептерде көрсетіледі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Титул парағында мыналар:
1) есептiң атауы;
2) есептiң нөмiрi;
3) есептiң жасалған күнi;
4) объектiнiң атауы және орналасқан жерi;
5) бағалау күнi;
6) бағалау мақсаты;
7) бағалау нысанасы;
8) айқындалатын құнның түрi;
9) тапсырыс берушiнiң толық атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), оның нақты орналасқан жерi немесе заңды мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірі;
10) бағалаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ол мүшесi болып табылатын бағалаушылар палатасының атауы;
11) заңды тұлғаның басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және заңды тұлғаның атауы қамтылады (бағалаушы заңды тұлғамен еңбек шартын жасасқан кезде).";
7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) бағалаушы туралы мәліметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, оның орналасқан жері, "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің нөмірі мен берілген күні, ол мүшесi болып табылатын бағалаушылар палатасының атауы, бағалаушының немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғаның мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету туралы мәліметтер, бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды мекенжайы);".
3. "Бағалау туралы есептің сараптамасын жүргізу қағидаларын, сарапшылық қорытындыға қойылатын талаптар мен оны бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 503 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16896 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағалау туралы есептің сараптамасын жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бағалау туралы есептің сараптамасын жүргізу "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және бағалау туралы есептің сараптамасын жүргізу тәртібін айқындайды.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптамалық қорытындыға қойылатын талаптар осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптамалық қорытындыны бекіту қағидалары осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. "Бағалау қызметі саласындағы оқытудың, кәсіптік қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасын және сағаттар көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 518 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16935 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 106) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағалау қызметі саласындағы оқытудың, кәсіптік қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы және сағаттар көлемінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бағалау қызметі саласындағы оқытудың, кәсіптік қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және сағаттар көлемі "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабы 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 106) тармақшасына сәйкес әзірленді және бағалау қызметі саласындағы оқытудың, кәсіптік қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасын және сағаттар көлемін айқындайды.".
5. "Бағалау стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16971 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымалы мүліктің құнын бағалау" бағалау стандартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Жылжымалы мүліктің құнын бағалау" бағалау стандарты (бұдан әрi – стандарт) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 16) тармақшасына, халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес әзiрлендi және жылжымалы мүлікті бағалау құнына, бағалау тәсілдері мен әдістеріне қойылатын талаптарды белгiлейдi.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымайтын мүлiктiң құнын бағалау" бағалау стандартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Жылжымайтын мүлiктiң құнын бағалау" бағалау стандарты (бұдан әрi – стандарт) халықаралық бағалау стандарттары ескеріле отырып, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 16) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жылжымайтын мүлікті бағалау құнына, бағалау тәсілдері мен әдістеріне қойылатын талаптарды белгiлейдi.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Құн түрлері" бағалау стандартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Құн түрлері" бағалау стандарты (бұдан әрі – стандарт) халықаралық бағалау стандарттары ескеріле отырып, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабы 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және бағалау мақсатын, бағалау нәтижесін болжамды пайдалануды, бағалау туралы есепте көрсетілген нарықтық және өзге де құн түрлерін айқындауды қорытынды шама ретінде ашады. Құн түрін таңдау объектіге бағалау жүргізуге шарт жасасудан бұрын болады және бағалау мақсатына, бағалау объектісінің ерекшеліктеріне, сондай-ақ нормативтік талаптарға байланысты болады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң және материалдық емес активтердiң құнын бағалау" бағалау стандартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң және материалдық емес активтердiң құнын бағалау" бағалау стандарты (бұдан әрі – стандарт) халықаралық бағалау стандарттарын ескере отырып, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және зияткерлiк меншiк пен материалдық емес активтердi бағалау тәсілдері мен әдiстерiне қойылатын негізгі талаптарды белгiлейдi.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнесті және бизнеске қатысу құқығын бағалау" бағалау стандартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Бизнесті және бизнеске қатысу құқығын бағалау" бағалау стандарты (бұдан әрі – стандарт) халықаралық бағалау стандарттарын ескере отырып, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және бағалау жүргізуге, тәсілдерге, әдістерге және бизнесті және бизнеске қатысу құқығын бағалау кезінде есептерді дайындау ерекшеліктеріне қойылатын талаптарды белгілейді. "Зияткерлік меншік объектілерінің және материалдық емес активтердің құнын бағалау, бизнесті және бизнеске қатысу құқықтарын бағалау" мамандығы бойынша "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлігі бар бағалаушылар пайдаланады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қаржы құралдарын бағалау" бағалау стандартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Қаржы құралдарын бағалау" бағалау стандарты (бұдан әрі – стандарт) халықаралық бағалау стандарттарын ескере отырып, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және есептерді жасау ерекшеліктерін, қаржы құралдарын бағалау кезінде нарықтық немесе өзге де құнын белгілеу бойынша міндеттерді шешу үшін қажетті тәсілдерге, әдістерге және талдамалық рәсімдерге қойылатын талаптарды белгілейді.".
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 503 бұйрығына 2-қосымша |
Сараптамалық қорытындыға қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сараптамалық қорытындыға қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және сараптамалық қорытындыға қойылатын талаптарды белгілейді.
2-тарау. Сараптамалық қорытындыға қойылатын талаптар
2. Сараптамалық қорытынды мыналарды қамтиды:
1) сараптамалық қорытындының жасалған күні мен нөмірін;
2) бағалау туралы есептiң сараптамасын жүргізу үшін негіздемені;
3) бағалау туралы есепті даулаған тапсырыс беруші және (немесе) үшінші тұлға туралы мәліметті:
жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы мен нөмірін, берілген күнін және аталған құжатты берген органды, тұрақты тұратын мекенжайын;
заңды тұлғалар үшін – толық атауын, заңды мекенжайын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН);
4) жүргізілетін бағалау туралы есеп сараптамасының түрін;
5) бағалау туралы есеп туралы мәліметтерді: бағалау туралы есептің күнін, нөмірін, бағалаушы туралы ақпаратты (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің деректері, ЖСН және егер тапсырыс беруші заңды тұлғамен еңбек шартын жасасса заңды тұлғаның толық атауы, банктік деректемелері, заңды мекенжайы мен нақты орналасқан мекенжайы), сондай-ақ бағалау туралы есептің сараптамасы үшін ұсынылған өзге де құжаттар мен материалдар туралы мәліметтерді;
6) ол ескеріле отырып бағалау туралы есептің сараптамасы жүргізілген ұйғарымдар мен шектеу шарттары туралы мәліметтерді;
7) бағалаушы Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының, оның ішінде бағалаушылар палатасы стандарттарының талаптарына сәйкестігіне бағалау туралы есепті тексеру нәтижелерін;
8) бағалаушы бағалауға пайдаланған амалдардың әрқайсысының шеңберінде бағалаушы таңдаған бағалау әдістерінің негізділігін тексеру және есепте орындалған бағалау объектісінің құнын есептеудің тиісті амалдар мен әдістерге сәйкестігіне тексеру нәтижелерін;
9) құнын растауға сараптама жүргізу кезінде сарапшының өзге әрекеттерінің нәтижелерін және негіздемесін;
10) бағалау туралы есептің сараптамасын жүргізу нәтижелері бойынша негізделген қорытынды (бағалау туралы есеп сараптамасының нәтижесі);
11) сараптамалық қорытындыға қол қойған сарапшы туралы мәліметтерді: тегі, аты, әкесінің атын (ол болған жағдайда), "бағалаушы" біліктілігін беру туралы және "сарапшы" біліктілігі куәлігін беру туралы куәліктердің тіркеу нөмірін, бағалаушылар палатасына мүшелігі туралы мәліметтерді қамтиды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 503 бұйрығына 3-қосымша |
Сараптамалық қорытындыны бекіту қағидалары
1. Осы Сараптамалық қорытындыны бекіту қағидалары "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және сараптамалық қорытындыны бекіту қағидаларын айқындайды.
2. Сараптамалық қорытынды жазбаша нысанда жасалады, нөмірленеді, тігіледі және бағалаушылар палатасының мөрімен бекітіледі, бағалау туралы есептің сараптамасын жүргізген сарапшы қол қояды, бағалаушылар палатасы сараптамалық кеңесінің төрағасы, ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлға бекітеді, бағалаушылар палатасы атқарушы органының басшысы, ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлға куәландырады.
3. Сараптамалық қорытынды екі түпнұсқа данада жасалады, оның біреуі сараптамаға тапсырыс беруге беріледі, екіншісі Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында белгіленген жалпы талап ету мерзімі ішінде бағалаушылар палатасында сақталады.